Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Саңырауқұлақтардың қоректенуі



бет19/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Саңырауқұлақтардың қоректенуі


Фитопатогенді саңырауқұлақтар қоректік органикалық заттар- ды тірі жəне тіршілігі жойылған клеткалардан алады. Саңырауқұ- лақтың вегетативті денесіне қоректік заттар клеткалардың қабық- шасы арқылы өсімдік пен саңырауқұлақ клеткасындағы осмос қысымы əртүрлі жағдайда, яғни саңырауқұлақтың күші өсімдік- тің сору күшінен басым болғанда енеді. Саңырауқұлақтың негізгі жіпшумағы клетка үстінде орналасып, қоректік заттарды гаусто- рийлары арқылы сорып алады (3-сурет).




3-сурет. Гаусторий түрлері

Күрделі органикалық қосылыстарды (белоктар, көмірсулар) са- ңырауқұлақтардың өте күрделі ферменттері суда еритін қарапайым затқа айналдырады. Ферменттер саңырауқұлақтың денесін құруда өте маңызды рөл атқарады. Олардың саны саңырауқұлақтардың өміріне тікелей байланысты. Сапрофитті саңырауқұлақтарда фер- менттер саны өте көп, себебі олар органикалық заттарды өсімдік жəне жануар қалдықтарынан алады. Факультативті паразиттерде ферменттердің саны əртүрлі, бірақ мөлшері көп. Факультативті са-


профиттерде ферменттер аздау, ал облигатты паразиттерде олар өте аз жəне тұрақты болады. Клетка қабығын ыдырату үшін саңырау- құлақтар целлюлаза, пектиназа ферменттерін қолданады.
Клетка құрамындағы заттарды саңырауқұлақ сіңіру үшін, олар- ды ыдырату қажет. Мысалы, амилаза ферменті крахмалды гидро- лиздеп, протеаза белоктарды ыдыратады.
Саңырауқұлақтардың өсіп-өнуі үшін басқа да қоректік элемент- тер қажет. Оларға көміртегі, азот, күкірт, фосфор, калий, магний, темір, қорғасын, мыс, кобальт, молибден, марганец, дəрумендер жəне т.б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет