Пысықтау сұрақтары
Өсімдік ауруы деген не, олар қалай жіктеледі?
Жұқпайтын аурулардың сыртқы белгілері?
Жұқпалы ауруларды сыртқы белгілері бойынша қалай анықтайды?
Микроорганизмдер паразиттілік типтерге қандай қасиеттері бо- йынша бөлінеді?
Ие-өсімдіктен қорек алуына байланысты паразиттер қандай топ- тарға бөлінеді?
Залалдау қабілетіне қарай паразиттер қандай таксономиялық топтарға бөлінеді?
Паразит ие-өсімдік клеткасы мен ұлпасына қалай əсер етеді?
Қоздырғыш өсімдікке қалай бейімделеді?
Инфекциялық үдерістің өсімдікте дамуы қандай кезеңдерден тұ- рады?
Патоген ие-өсімдікке қалай еніп таралады?
Өсімдіктің инфекциялық ауруларын туғызатын саңырауқұлақтар
Қазіргі кезде табиғатта саңырауқұлақтардың жүз мыңға жуық түрлері белгілі. Олардың ішінде он мыңға жақын түрі ауру қоздыр- ғыштары. Саңырауқұлақтар гетеретрофты организмдер. Көптеген өсімдіктер саңырауқұлақтың бір түрімен залалдануы мүмкін, ал əр- бір паразитті саңырауқұлақ өсімдіктің əр түрін залалдайды. Кейбір саңырауқұлақтар өмірінің бəрін тек тірі өсімдікте өткізеді. Оларды облигатты паразиттер деп атайды. Басқалары өмірінің бір бөлігін тірі өсімдікте, ал қалғанын өлі органикалық қалдықтарда өткізеді (облигатты емес паразиттер).
Табиғатта саңырауқұлақтар органикалық заттарды ыдыратып, заттардың табиғатта алмасуына қатысады. Кейбір саңырауқұлақ- тар дамуы кезінде адамға пайдалы антибиотиктер сияқты заттарды синтездейді, нан пісіруде, сыра өнеркəсібінде қолданылатын түрлері де бар. Сонымен қатар көптеген саңырауқұлақтар өсімдік ауруларын қоздырып, өнімнің сапасы мен шығымын төмендетіп, қоймадағы өнімді бұзып, халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |