Жұқпалы аурулардың дамуы – күрделі үдеріс, өсімдік пен пара- зит арасындағы белгілі бір ортада жүретін қарым-қатынас. Ауру тө- мендегі үш факторларға байланысты туады:
(метеожағдай).
Аталған факторлар ішінде ең маңыздысы – сыртқы орта жағ- дайлары. Ол өсімдіктің дамуын əлсіретуі немесе күшейтуі, саңырау- құлақтардың агрессивтілік қасиетін тежеуі немесе арттыруы жəне саңырауқұлақтың қыстап шығуына əсерін тигізеді. Жұқпалы ауру- лар даму мерзіміне байланысты қысқа жəне ұзақ мерзімді патоло- гиялық үдеріс. Ол белгілі заңдылықпен өтетін кезеңдерден тұрады:
Залалдану (инфекция) – алғашқы кезең, қоздырғыш пен өсім- дік арасында қалыптасады.
Инкубациялық кезең. Залалдану мен аурудың алғашқы бел- гілері білінгенге дейінгі мерзім.
Қалыптасқан ауру. Бұл кезең аурудың алғашқы белгілері пай- да болғаннан бастап аурудың дамуы өсімдіктің сауығып кетуі не- месе жойылуына дейін созылады.
Залалдану деп ауру қоздырғышы өсімдіктің ұлпасына еніп, клет- каларымен қарым-қатынасының қалыптасуын айтады.
Өсімдік ауруы деп үш компоненттің бір-бірімен байланысын айтады. Ол ие-өсімдік, патоген жəне патологиялық үдеріс өтетін сыртқы орта.
Залалдану үдерісі үш кезеңге бөлінеді:
енуге дейін;
ену;
енгеннен кейінгі мерзім.
Əрбір кезеңнің өтуі патогеннің паразиттілік типіне жəне ие- өсімдіктің инфекцияға қарсы реакциясы ерекшеліктеріне байла- нысты. Патологиялық үдерісте ие-өсімдіктің қорғану механизмінің маңызы зор.