Қоздырғыштардың бейімделуі деп олардың залалдайтын өсім- діктерінің шеңберін айтады. Облигаттық паразиттер тар шеңбер ішіндегі өсімдіктерді, кейде бір түрді залалдайды. Бұл паразитті мо- нофаг дейді. Мысалы, қызылшаның церкоспорозы жəне жүгерінің көпіршік қара күйесінің қоздырғыштары.
Факультативті сапрофиттер мен факультативті паразиттер əр түрге, туысқа, тұқымдасқа жататын өсімдіктерді залалдайды. Бұл қоздырғыштарды полифаг дейді. Мысалы, склеротиниоз қоздырғы- шы түрлі тұқымдасқа жататын өсімдіктерді залалдайды.
Əрбір монофаг немесе полифаг ұсақтанып формаларға бөлі- неді. Бұл бөліктерді биологиялық түр деп атайды. Олардың морфо- логиялық белгілері бірдей, тек бейімделген өсімдігі бөлек болады. Биологиялық түрлер формаларға бөлінеді. Бұл формалар өзіне тəн өсімдікті залалдайды. Формалар одан да ұсақ физиологиялық расаларға бөлінеді. Олар тек өзіне тəн сорттарды залалдайды да, санмен (цифр) белгіленеді. Мысалы, бидай сабақ татының 300-ден аса расалары белгілі. Тат саңырауқұлақтарында физиологиялық ра- салар ұсақтанып биологиялық типке бөлініп латын əріптерімен бел- гіленеді. Мысалы, Puccinia graminis f. tritici 15A. Сабақ таты қоз- дырғышының А биотипіне жататын 15 физиологиялық расасының бидайдағы формасы деген мағына береді.
Саңырауқұлақтар өсімдіктің белгілі бір мүшесіне (органға) не- месе ұлпасына бейімделуі мүмкін. Соған байланысты қоздырғыш- тар өсімдікке органотрофты (мүшеге) жəне гистотрофты (ұлпаға) бе- йімделеді. Мысалы, тамырқұлақ ағаштың тек тамырын залалдайды. Fusarium туысына жататын саңырауқұлақтар көбінесе өсімдік тү- тіктерін залалдап, солу ауруын қоздырады.
Ауру қоздырғыштардың бейімделуі эволюциялық үдеріс. Ол өсімдіктердің эволюциясымен тығыз байланысты.