Енуге дейінгі кезең
Өсімдікке саңырауқұлақ споралары өнгенде пайда болатын тү- тікшелер немесе жіпшелер, ал топырақ саңырауқұлақтары – ри- зоидтар арқылы енеді. Споралар, жіпшумақтар ұлпаға басқа да агенттер арқылы ене алады, мысалы, насекомдар. Бактериялар өсімдікке бірден енеді.
Споралардың өнуі үшін энергия қоры көмірсулар, майлар қа- жет. Кейбір спораларда өнуге керекті заттар болады да, олар суда да өне береді. Ал басқалары өну үшін энергияны ие-өсімдіктен алады. Сондықтан жеке ие-өсімдігі бар паразиттер тек қабылдағыш өсім- дік ұлпасына түскенде немесе өзінің экологиялық ортасын тапқанда дамып, көбейеді. Мысалы: Plasmodiophora brassicae, Fusarium sp. жəне көптеген саңырауқұлақ спораларының өнуі қабылдағыш өсімдік тамырында үдей түседі. Капустаның тозаңы – Alternaria brassicicola, құлпынай тозаңы – Botrytis cinerea спораларының өсуі- не əсерін тигізеді. Осындай ортада залалдану үдерісі аз споралар санымен де өтуі мүмкін.
Саңырауқұлақ спораларының өсуіне, бактериялардың көбеюіне экзоосмос заттары əсер етеді. Экзоосмос заттары – ие-өсімдік ұлпа- сының бетіне жиналатын заттар. Мысалы, қарақат антракнозы.
Көптеген жағдайларда споралардың өну үдерісі сыртқы орта- ның əсеріне (температура, ылғалдылық, т.б.) байланысты, яғни тəн емес субстратта жүруі мүмкін.
Патоген өсімдікке енгеннен бастап сыртқы ортаның əсері тө- мендеп, патологиялық үдеріс залалданған өсімдік ұлпасының реак- циясына байланысты өтеді. Осы кезеңде өсімдіктің қарсы реакция- сы білінеді. Соған байланысты ұлпаға енген микроорганизмдердің бəрі өсімдікте ауру туғыза бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |