1-сурет. Бірклеткалыжіпшумақ 2-сурет. Көп клеткалыжіпшумақ Плазмодий жəне зооспорадан басқа саңырауқұлақ клеткала- рының тығыз қабықшасы болады. Ол бір, екі, үш қабатты болуы мүмкін. Оның құрамы көмірсулар, майлар, хитин жəне басқа да азотты құрылымдардан тұрады. Вегетативтік көбеюде жіпшелер- ге қатты қабықша өзіне тəн сыртқы пішін беріп, клетка ішіндегі заттарды сыртқы ортаның ықпалынан сақтайды. Клетка мен суб- страт жəне клетка мен сыртқы ортаның арасындағы зат алмасу клетка қабықшасы арқылы өтеді. Қабықшасының сыртқы қабатын- да түрлі пигменттер болады. Олар клеткаға əртүрлі түс береді.
Саңырауқұлақ түріне байланысты оның клеткасында бір, екі немесе бірнеше ядролар болады. Ядролар ұсақ, пішіні əртүрлі, екі қабатты мембранасы бар, ішінде ядрошық пен хромосомдар бо- лады. Саңырауқұлақтың тұқымқуалаушылық қасиеті осы ядродағы дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) молекулаларында болады. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ), ДНҚ жəне гендер арқылы ядро цитоплазмасындағы тіршілік əрекетінің үдерістерін бақылап оты- рады.
Клетка цитоплазмасы гидрофильді коллоид. Оның құрамы мен құрылысы белоктар, байланыспаған ферменттер, амин қышқыл- дары, көмірсулар жəне липидтерден тұрады.
Клетка қабырғасынан цитоплазманы бөлетін белок пен липид- терден тұратын жұқа протоплазма қабаты болады. Оны плазмо- лемма деп атайды. Ол клеткаға жəне одан сыртқы ортаға өтетін заттарды бақылайды.
Эндоплазмалық тор құрамында белок пен липидтерден тұра- тын жіпшелер мен түтіктерден құрылған. Олар заттардың бір-біріне айналуын жəне жүйеге келтіру жұмысын атқарады.
Митохондрия клетканың маңызды органоиды. Оның мембра- насының ішкі бетінде органикалық заттарды тотықтыратын көпте- ген ферменттер орналасқан.
Рибосомдар өте майда, шар тəрізді дене. Оның құрамында яд- рошықта түзілетін белок пен матрицалық РНК бар. Олар ядрошық- тан шығып ядро, цитоплазма, митохондрия, эндоплазмалық тор бетінде орнығып, белокты синтездеуде қатысады.
Лизосомдар клетканың ұсақ органоидтары. Олардың құрамын- да белокты ыдырататын ферменттер болады. Саңырауқұлақ клет- каларында гликоген, полифосфаттар, липидтер жəне майлар сияқты негізгі заттар жиналады. Гликоген цитоплазмада майда түйіршіктер
(гранула), полифосфаттар вакуольдерде коллоид, ал липидтер мен майлы заттар тамшы түрінде болады.
Жіпшелер ұшынан өседі, сондықтан жас клеткалар ұшына жа- қын орналасады. Жіпшелер өсімдіктің бетінде (экзогенді) немесе ішінде (эндогенді) түзіледі. Өсімдік бетінде жіпшумақ өңез тəрізді болады. Жіпшумақ залалданған бөліктен алыстамай жергілікті (локальды) немесе өсімдік ішінде барлық мүшелерге жүйелі (диф- фузды) таралуы мүмкін. Өзінің атқаратын жұмысына жəне сырт- қы ортаның ықпалына қарай жіпшелер немесе жіпшумақтар түрін өзгертеді.