жануар орнынан тұра алмай жатып қалады. Мөлшері 10 тэулікке дейін со-
зылған ауру өліммен аяқталады.
Гениталъдік түрі
буаз малда кездеседі. Негізгі клиникалық белгісі -
буаздықтың екінші жартысында байқалатын іш тастау. Әдетте түсіктен кейін
ұзақ уақыт шуы түспейді. Жыныс жолдары, эсіресе жатыры, қабынып, негі-
зінен іріңді эндометрит, ал кейде желінсау байқалады.
Кәдімгідей емес түрінің
негізгі бегілері: дененің ыстығының көтерілуі,
өкпенің қабынуы жэне катарлы гастроэнтерит. Сиырда листериоз эдеттегіден
өзгеше өткенде көбінесе зілді катарлы қызбаға ұқсас өтеді.
Қүстарда листериоз кезінде негізінен орталық жүйке жүйесі зақымда-
нады. Ауруға жас шібилер мен балапандар шалдығады. Олардың жемге зауқы
төмендеп, жаппы күйі нашарлайды. Бүлшық еттерінің салдануынан көп қоз-
ғалмайды. Әсіресе, көзге ұшырайтын белгісі мойынның былқ-сылқ етіп, бос
қалуы. Көздері қызарып, көзден, түмсығынан шұбатылып сора ағады. Ауру-
дан құстардың көпшілігі 1 апта ішінде өледі.
Достарыңызбен бөлісу: