Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет336/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. 
Өлген төлдің өлексесі өте 
арық, көзі ішіне кіріп, кілегейлі қабықтары бозарыңқы. Денесінің арт жағы 
нэжіспен былғанған. Құрсақ қуысында сұйық экссудат іркіледі. Қарында, 
бұзау мен қозының ұлтабарында ұйыған сүт пен уыз болады. Қарынның ішін- 
дегі ақшыл-сұрғылт сұйықтың иісі жағымсыз. Кілегейлі қабықтары домбы- 
ғып, қанға кернеліп, жалқақтанады, кей жерлері қанталап тұрады.
Аш ішек пен тоқ ішектің ішінде иісі жағымсыз ақшыл-сұрғылт сұйық 
болады, кейде қан араласады. Ішек көбінесе газға толып тұрады, кілегейлі 
қабықтарын қан кернеп, асты қанталайды. Ш ажырқай сөл түйіндері ісініп,
421


S
'
тіліп көргенде суланып, жаппай қанталайды. Бауыр ісініп, сарғыш тартады. 
Өттің қабы кернеліп, өтке толып түрады. Көк бауыр көбінесе ұлғаймайды, 
ұлпасы болбырап, қызыл қоңыр түске енеді. Эпикардтың астында, эндокардта 
ұсақ-ұсақ, жолақтанған қангалаулар кездсседі. Мидьің қан тамырлары білеу- 
леніп, мидың өзі домбығады. Кейде өкпенің добығуы немесе катарлы қабы- 
нуы ұшырасады. Кіндіктің немесе оның қан тамырларының домбығуы да 
байқалып тұрады.
Торайдың колиэнтеротоксемиясы (домбығу ауруы) кезінде қабақтары 
домбығып, конъюнктивит байқалады. Жағының, мандайының, көзінің айнала- 
сының, құлағының түбінің терісінің астындағы шел, қарны жэне тоқ ішектін 
шажырқайы домбығып, кілкілдеп тұрады. Қарын іріміктеніп гығызданған 
массаға толып, кілегейлі қабығы катарлы немесе геморрагиялық қабынуға 
ұшырап, жеңіл сыдырылады. Ішектің ішінде аздаған ғана қоймалжың масса 
болады, кілегейлі қабықтарының кей тұстары қызарып, қанталайды. Шажыр- 
қай сөл түйіндері ісініп, тіліп қарағанда қызыл-қошқылданып мэрмэр бедерлі 
түске енеді.
Колибактериоздан өлген құстың өлексесін сойғанда фибринді-сіріленген 
перикардит, кейде перитонит, катарлы немесе геморрагиялық пневмония, ауа 
қапшықтарының қабынуы, эртүрлі буындардың артриті байкалады.
Балау. 
Ауруды балау індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін, 
патологиялық-анатомиялық өзгерістерді талдаумен қатар, міндетті түрде бак- 
териологиялық зерттеу жүргізу аркылы іске асырылады.
Бактериологиялық тексеру үшін жаңадан өлген малдың 2-3 өлексесін 
немесе арнайы сойылған төлді жөнелтеді. Бұл жануарлар антибактериялық 
дэрілермен емделмеуі қажет. Өлексені тұтас апаруға жағдай болмаса басын
жілігін, жүрегін (кесілетін тамырларды байлау қажет), көк бауырын, бауыр- 
дың кесіндісін өтімен қоса, қабынған ішектің маңындағы сөл түйіндерін, 
қабынған аш ішекті екі жағынан байлап (оны жеке ыдыска немесе целлофан 
қапшыққа салу керек) зертханаға жібереді. Тірі малдан (емделмеген) тік ішек- 
тен катетермен сұйық нэжіс алынады.
Патматериалдан Эндо қоректік ортасында өсін алып, эшерйхияларға тэн 
қолонияларды К-88, 987-Р, А-20 антигендерді анықтау үшін ет пептон ага- 
рыңда немесе Хоттингер агарында өсіреді. К-99, Ғ-41 антигендерін айқындау 
үшін Минк ортасында өсіреді. Өскен колонияларды адгезиялық қан сарысуы 
арқылы шыныдағы агглютинация реакциясында тексереді. Адгезиялық анти- 
ген айқындалса колибактериозға диагноз қойылды деп есептеледі.
Емі. Колибактериозбен ауырған төлді оқшаулап, емдейді. Ем кешенді 
түрде жүргізіледі. Ең алдымен диетаны өзгертіп, денеге жёткілікті мөлшердё 
сұйыктық пен электролиттер енгізеді, антимикробтық жэне иммуноглобу- 
линдік препараттар беріледі, іштің өтуін тыятын дэрілер жэне улы заттарды 
сіңіріп алатын адсорбенттер, витаминдер пайдаланылады.
Алғашқы күні уыздың кезекті кесім ді!үлесі берілмейді, оның орынына 
жылы физиологиялық немесе Рингер түзды ерітіндісі беріледі. Төлді ашқа- 
рында 8-12 сағат үстайды, бүл мерзім 24-36 сағаттан асып кетсе өміріне қауіп- 
ті болады. Ерітінділерді бүзау өзі ішсе еркімен беру керек, егер іше алмаса
'422


I
немесе өздігімен ііііуге үйретілмесе ауызынан түтік арқылы жіберіледі. Бір-екі 
кезекті уыздың берілуін тоқтатқан соң; егер аурудың беті қайта қоймаса, 
уызбен сүттің мөлшерін екі есе азайтып, .орнына физиологиялық немесе бас- 
қадай тұзды ерітінді береді. Әдетте іші өткен төлдің денесінде қыпіқыл басым 
болады, сондықтан оған содаңың изотонйкалық 13 г/л ерітіндісін, 100 мл/кг 
дозада 4-6 сағат сайын беріп түру пайдалы. Іші тоқтаусыз өткен төлде соны- 
мен қатар гипогликемия байқалады, сондықіан сода ерітіндісіне бір бұзауға 
25=50 г- декстроза немесе глюкоза қосқан жөн.
Антимикробтық дәрілерді ауру қоздырушысының оларға сезімталдығын 
анықтап барып пайдаланады. Әдетте антибиотиктерді (левомицетин, биоми- 
цин, террамицин, тетрациклин, неомицин, полимиксин, мономицин, канами- 
цин), сульфаниламидтерді (сульфазол, фталозол, сульфадимезин, норсулфа- 
зол, дисульфан), нитрофурандарды (фуразолидон, фуразидин) қолданады.
Иммуноглобулинді препраттардан колибактериоз бен сальмонеллезге 
қарсы антитоксинді қан сарысуы немесе оның иммуноглобулині, эшерихия- 
лардың К-99 антигеніне қарсы моноклональді антиденелер қолданылады. Бұл 
препараттар жеке өзі оншама нәтиже бермейді, оларды антимикробтық препа- 
раттармен қоса пайдаланады.
Диеталық дэрмектердің ішінде сүт қышкылы бактерияларының өнімі, 
олардың таза өсіні, ашытылған сүт, айран, антакон ішектің қызметін дұрыс- 
тауға, ондағы микрофлораны қалыптастыруға жақсы эсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет