Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет332/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Иммунитет
Қылауға қарсы иммунитет ауырып жазылған соң және 
қолдан иммундеу арқылы қалыптасады. Жас төлдің бұл ауруға қарсы тұру 
қабілетінің қалыптасуы үшін уыздың маңызы зор. Сапалы уызды уақыттылы 
жэне жеткілікті мөлшерде емген төл ауруға төзімді болады. Буаз малды қы- 
лауға қарсы иммундеу - туған төлдің қылауға қарсы телімді иммундік қабі- 
летін қалыптастырудың басты шарты болып табылады.
Сальмонеллезге қарсы ерте уақыттан бері өлтірілген формолашудасты 
жэне формолтиомерсал вакциналары қолданып келеді. Оларды үлкен дозада 
жэне бірнеше рет егуге тура келеді.
Бүзаудың қылауына қарсы концентрацияланған формолашудасты вакци- 
на 
S. dublin
штамынан даярланады. Сиырды туарынан 50-60 күн бұрын 10 
мл, 8-10 күн өткен соң, екінші рет 15 мл дозада егеді. 20-30 күндік бүзауды 
бірінші рет 7-10 күн өткен соң, екінші рет 1,5-2 мл дозада егеді.
Терісі бағалы аңдардың, қүстың, бүзаудың жэне торайдың колибакте- 
риозы мен сальмонеллезіне карсы формолтиомерсал вакцина 
Е. coli, S.
typhimurium, S. dyblin, S. cholerae suis
штаммдарынан даярланады.
53-cypem. Салъмонеллезбен ауырган ңара түлкі (аръщтауы іріңді,
конъюнктивит ).
Өлтірілген вакциналардан гөрі аурудың алдын алу үшін тірі вакциналар 
бірш ам а ж ақсы нәтиж е береді. М ұңдай п репараттарды д аяр л ау ж өнінде
417


Қазақстанда біршама тәжірибелер жинакталды (Б.А.Матвиенко жэне Қ.Бияш- 
ев). Бұзаудың қылауына қарсы 
S. dublin
13-20 НС - штаммынан даярланған, 
қойдың қылауына қарсы 
S. abortus ovis,
17 НС -ш та м м ы н ан , шошқаға 
S.cholerae - suis
ТС-117, жылқыға 
S. abortus equi
Е-841 ш таммынан' тірі 
кұрғақ вакциналар даярланады.
Дауалау және күресу шаралары. 
Төлдің қылауға шалдығуының негізгі 
себебі малды дұрыс бағып-күтпеу, зоогигиеналық-санитариялық шаралардын 
дұрыс жүргізілмеуі болғандықтан, аурудың алдын алу үшін малдың күтіміне, 
малды төлдетуге, жас төлді дұрыс бағуға баса назар ;аудару керек. Сонымен 
қатар ауруға қарсы арнайы шаралар ретінде сальмонеллезге қарсы івакциналар 
кең қолданылады. Вакцинамен буаз малды да, жаңадан туған төлді де егуге 
болады.
Шаруашылықта сальмонеллез байқалғаңда ауруға барлық малды клини- 
калық тексеруден өткізіп, термометрмен ыстығын өлшейді. Ауырған жэне 
күдікті жануарларды бөліп алып емдейді. Сау малды вакциналайды. Жемшөп- 
тің сапасына, малды азықтаңдыру тэртібіне қатаң бақылау енгізеді. Қора- 
жайды, қүрал-сайманды дезинфекциялап, кемірушілерге қарсы дератизация 
шараларын жүргізеді.
Атаулар мен ұғымдар
Сальмонеллез, қылау, Salmonellosis, паратиф, Salmonella enteritica, Salmo­
nella bonjori.
Ба_қьілау сұрактары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер,1 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
Тапсырма
Сальмонеллез шаруашылықта түрақты энзоотиялық ауруға! айналмауы 
үшін қандай кешенді шаралар жүргізілуі керектігін негіздеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет