Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологиялык-анатомиялық, өзгерістер



Pdf көрінісі
бет331/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Патологиялык-анатомиялық, өзгерістер. 
Сальмонеллез кезінде оның 
қоздырушысы мен токсиндері организмде осы ауруға тэн өзгерістер туды- 
рады. Бірақ қоздырушының уыттылығына, жануардың жасына жэне басқа да 
ерекшеліктеріне байланысты патологиялық-анатомиялық өзгерістердің байқа- 
луы эр алуан болады. Сальмонеллез жіті өткенде барлық түліктің төлдерінде 
негізгі өзгерістер құрсақ қуысында байқалады. Кілегейлі жэне сірі қабықтар 
қанталап, сөл түйіндері мен көк бауыр ұлғаяды. Бауыр мен бүйректе дегене- 
рациялық өзгерістер байқалады, ішектер катарлы қабынуға ұшырайды. ¥лта- 
бардың кілегейлі қабығы ісініп, қан кернеп, қанталайды (эсіресе қатпарлары). 
Аттт ішектің кілегейлі қабығы катарлы қабынып, әр жерін қан кернеп, ойдым- 
ойдым қанталайды. Тоқ ішектің кілегейлі қабығын эр жерінде шоғырлана қан 
кернейді. Шажырқайдың сөл түйіндері үлғайып, суланады, қанға кернеліп, 
тілгенде қанталап түрады. Көк бауыр едәуір үлғайып, шеті білеуленеді, тысы 
кернеліп, астында ұсақ-үсақ қанталаған телімдер кездеседі. Бауыр аздап 
үлғайып, түсі аламыштанады, кейде қанталайды.
Ауру жітіден төмен жэне созылмалы өтсе патологиялық-анатомиялық 
өзгерістер айқынырақ білінеді. Өлексе өте арық болады. Малдың барлық 
түліктерінің өкпесі қабынады. Өкпедегі дерт процесі алдыңғы бөліктерінен 
басталып, ортаңғы жэне артқы бөліктеріне ауысады. Зақымданған бөліктер 
тығызданып, бүдырмақтанып, қызыл-қоңыр түске енеді. Кейде тіліп қара- 
ғанда ірінді-өліеттенген ошақтар көрініп, бронхаларынан кілегейлі ірің ағады. 
Өкпеаралық жэне бронхалық сөл түйіндері үлкейіп, кейде іріміктелген сар- 
ғыш түсті өліеттенген ошақтар байқалады. Өкпенің қабынған түстары көкі-
415


рек қабырғасымен фибринді талшықтар арқылы жабысып қалады. Жүрек 
еттері болбырап, тіліп қарағанда сарғыш түсті. Эпикард пен эндокардтың 
астында шашыранды немесе жолақтанған қанталаулар кездеседі. Қылау со- 
зылмалы өткенде тоқ ішектің закымдануы күштірек болады да, сөл фолику- 
лалары өліеттеніп, кілегейлі қабықтары қабыршықтанып (дифтериялы) қабы- 
нады. Торайдың ішектерінің кейбір тұстары жуандап, білеуленіп, қатпарлана- 
ды да, кілегейлі қабықтарында сұрғылт түсті қабыршақтар пайда болып, 
сыдырылып түскенде шеті білеуленіп, тегіс емес, ортасы жұмсарған ойылым- 
дар кездеседі. Шажырқай сөл түйіндері ұлғайып, тіліп қарағанда өліеттеніп, 
іріміктенген сарғыш түсті ошақтар болады.
Балау. 
Сальмонеллезді балау үшін індеттанулык деректер, аурудың кли- 
никалық белгілері мен патологиялық-анатомиялық өзгерістері ескеріліп, ар- 
найы зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Қылау негізінен мал жаппай төл- 
деген уақытта басталады. Аурудың негізгі клиникалық бёлгісі - жіті өткенде 
барлық түліктерде өлі тию арқылы білініп, жануардың температурасы көтері- 
ліп, күйзеліп, жүрек соғысы мен тынысы жиілеп, тэбеті нашарлап, іші өтеді. 
Созылмалы өткенде өкпесі зақымданып, пневмонияның белгілері байқалады, 
ал бұзау мен құлынның буындары іседі. Қылау кезіндегі негізгі патология- 
лық-анатомиялық өзгерістер: көк бауырдың үлғаюы, көк бауыр мен бауыр- 
дағы өліеттенген ошақтар, кілегейлі жэне сірі қабықтардың қанталауы, ішекте 
болатын өзгерістер.
Сальмонеллезге күдік туған жағдайда бактериологиялық зерттеулер жүр- 
гізіледі. Ол үшін зертханаға сойылмаған өлексе немесе ішкі үлпершек мүше- 
лер (бауыр өтіменен, көк бауыр, бүйрек, шажырқай сөл түйіндері, жілік сү- 
йектері), іш тастаған кезде тастанды төл, малдың тірі кезінде нәжіс, қан, іш 
тастаған малдың жатырынан аққан бөлінді жіберіледі.
Ауру жітіден төмен немесе созылмалы өткенде бактерия алып жүретін 
жануарларды анықтау үшін агглютинация реакциясы қойылады. Ауру бас- 
талған соң 7-10 күн өткенде қанда агглютининдердің титрі 1:100-ге жетеді. 
Бөлініп алынған сальмонеллаларды айқындау үшін иммунофлуоресценция 
әдісі жэне монорецепторлық қан сарысуларымен пластинкалык агглютинация 
реакциясы қойылады.
Сальмонеллезді бүзауда колибактериоздан жэне диплококты инфекция- 
дан, торайда обадан, трансмиссиялық гастроэнтериттен жэне дизентериядан, 
қозыда анаэробты дизентериядан, ал барлық түліктердің төлінде диспепсия- 
дан, жүқпалы емес гастроэнтериттен ажырату қажет. Барлық жағдайда соңғы 
қорытынды бактериологиялық зерттеулердің нэтижесіне негізделеді.
Емі. Қылаумен ауырған төлді тез бөліп алып, оқшаулайды да, күгімін 
жақсартып, диеталық азықтар береді. Ішкі ағзаларда терең өзгерістер болмай 
тұрып, неғұрлым ерте емдесе, соғүрлым ем нэтижелі болады. Ем жан-жақты 
кешенді түрде жүргізіліп, сальмонеллалардың өсіп-өнуін тежеуге, дененің 
улануын бейтараптауға, ас қорыту жэне тыныс алу мүшелерінің қызметін 
қалпына келтіруге бағытталуы керек. Этиотропты дэрмектерден сальмонел- 
лезге қарсы антитоксиндік қан сарысуын, бактериофаг (гертнерфаг), антибио- 
тиктер (синтомицин, левомицетин, канамицин, тетрациклиндер), сульфани-
416


ламидтер (норсульфазол, дисульфан, этазол, сульфидин, сульфадимизин), ни- 
трофурандар (фуразолидон, фурацилин, фуразолин) беріледі. Антибактерия- 
лық дэрмектерді қолданар алдында қоздырушының оларға сезімталдығын 
анықтау керек. 2-3 дэріні қабаттастырып, олардың синергизмдік қасиетін ес- 
кере отырып қолдану жақсы нәтиже береді. Гипериммунді қан сарысуын 
пайдаланғанда антибактериялық дэрілерді қоса пайдаланған жөн. Өкпеде 
қабыну процесі болғаңда бүлшық етке пенициллин немесе стрептомицин 
жіберу қажет. Барлық жағдайда да ауырған малға микроэлементтер, амин- 
қышкылдары, витаминдер, ферменттер жақсы көмектеседі. Новокаин ерітінді- 
сімен ішкі ағзаларға блокада жасау, эртүрлі тұзды ерітінділерді іш пердесінің 
ішіне енгізу ауырған малдың күйін жақсартады. Бұл орайда кейбір бактерия- 
лық препараттарды: ацидофилин, АСӨ, АСӨД пайдалану тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет