Қой мен егикіде
де өршіген кұтырық кезінде басқа жануарларға, әсіресе,
итке, өшпенділігі байқалады. Ауырған малдар тістерін шықырлатып, аяғын
тарпынып, сүзісе береді. Әдетте жыныстық қозу белгілерін береді. Сілекейі
шұбырып, денесі салдана бастайды. Екінші күннен бастап-ак денесінің артқы
жағы бүлғалақтап кенеттен қүлап қалады. Қүтырықтың салданған түрі
көтерілу және өшпенділік белгілерінсіз өтеді.
Жылқыда
аурудың өршіген түрінің бірінші белгілері үркектік, мазасыз-
дану, кейде гістелген жерін үйкеу. Несеп шығаруға
бейімделген сыңайы жиі-
лейді, тышқаншық тигендей қипалақтай береді. Көтерілу белгілері шылбырын
үзіп босануға тырысуы, өшпенділігінің артуы арқылы білінеді. Кейде жы-
ныстық қозу байқалады. Көтерілу жабырқауланумен алмасады, жануар мүлгіп
түрады. Жүтынуы қиындап, кісінеген дыбысы булығыгі шығады, ауызынан
щұбырып сілекей ағады. Бастың, эсіресе жағының бүлшық еттері бүлкілдеп,
дірілдеп түрады. Ауру басталған соң 2-3 күннен кейін артқы аяғы салданып,
сүйрете басады, біртіндеп бүкіл
денесінен жан кетіп, 3-4 күн ішінде өліп
кетеді. Жабайы жыртқыштардан жүққанда ауру салданған түрінде өтеді де,
көтерілу кезеңі байқалмауы мүмкін.
П атал о го ан ато м и ял ы қ өзгерістердің құтырық кезінде айтарлыңтай
ерекшеліктері болмайды, клиникалық белгілерімен қоса қарастырғанда ғана
айтарлықтай диагностикалық маңызы бар. Өлексені сырттай қарағанда арықт-
ағаны, тістелінген, үйкелген орындары көрінеді.
Басындағы, мойынындағы
жүндері сілекейленген. Сойып қарағанда ішкі ағзаларында қап іркілген.
Қарыны бос, ет қоректі жануарлардың қарынында жеуге жарамсыз заттар
болады. Күйіс қайтаратын жануарлардың дүңгіршек жэне жалбыршақ қарын-
дарында тығызданған жын болады. Кейде қарын мен ішектің кілегейлі
қабықтары қабынып, кей жерлері қанталаған. 'Ми мен ми қабықтары
домбығып эр жерінде қанталанған өте ұсақ ноқатгар кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: