Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет125/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
9.7. Сарып
Сарып (
Necrobacteriosis,
некробактериоз) - негізінен сирақтың бақайы
кей жағдайда ауыз, желін, жыныс мүшелері, өкне, бауыр, бүлшық еттер мен 
басқа да мүшелер мен ағзалардың іріңдеуі және өліеттенуі арқылы ерекше- 
ленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. 
Бүл ауру барлық жерде тараған және жүқпалы екені 
мэлім болған. 19 ғ 60-шы жылдары Франция мен Италияда қойдың "түяқ 
ауруы" ретінде сипатталды. Кейіннен клиникалық белгілері бойынша шірік 
тұяқ, панарициум, таз ерін, гангреналық дерматит, некрозды немесе дифте- 
риялық стоматит деп аталды. Қоздырушысын бірінші рет Р. Кох (1881) бөліп 
алды да, толық сипаттамасын Леффер (1884) берді. Бірақ, үзақ уақыт бойы 
бұл бактерия негізгі қоздырушы емес қосалқы микроб ретінде қарастырылды. 
Сондықтан да некробактериоз эр түрлі дене мүшелерінің зақымдануына бай- 
ланысты бірнеше дербес ауруға бөлініп келді. Тек 1932 жылы А.Г. Ревнивых 
солтүстік бұғысының "тұяқ ауруын" зерттеу нэтижесінде некроз таяқшасы- 
ның этиологиялық маңызын түпкілікті дәлелдеді.
Қоздырушысы 
-
Bacterium necrophorum -
ауасыбағасыз, қозғалмай- 
тын, спора түзбейтін, қауашақсыз, өте полиморфты микроб. Жағындыда жіп 
тэрізді, дөңгеленген, үзын немесе қысқа таяқшалар, сопақша, кок тәріздес эр 
түрлі пішінде кездеседі. Жіп тәрізділерінің үзындығы 100 тіпті 300 мкм дейін 
жетеді, жуандығы 0,75-1 мкм. Микроб тек қана ауасы жоқ жағдайда Китт- 
Тороцци ортасында, Мартен сорпасында, бауыр сорпасында, қоймалжың 
агарда, қанды глюкозалы агарда өседі. Жайлы өсу температурасы 36-36,5 °С, 
pH 7,4-7,6.
Төзімділігі жағынан некробактериоз қоздырушысының оншама ерекше- 
лігі жоқ. Несепте - 16, көңде - 50, сүтте - 35 тэулікке дейін, жайылымдағы 
ылғал топырақта 3 айға дейін сақталады. Зарарланған заттарда кептірілгеннен
184


соң бөлме жағдайында 18°С-та 1-2 тэулікте өледі. 100°С қыздырғанда 1 
минутта, күн сәулесінен 8-10 сағатта, 60-65°С-та 15 минутта өледі. Марганец 
қышқылды калий (1:100), риванол, лизол, фенол, формальдегид, күйдіргіш 
натрий, креолин және т.б. дезинфектанттардың үйреншікті концентрация- 
сында некроз таяқшалары 5-30 мин өледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет