Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет127/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Дерттенуі. 
Негізінен жарақаттанған немесе қабынған тері, болмаса 
кілегейлі қабықтар арқылы жүғады. Қоздырушы енген жерінде қолайлы жағ- 
дай болғанда ғана өсіп-өнеді. Үлпаның жарақаттануы (механикалық, физика- 
лық, химиялық, биологиялық әсерлер) нэтижесінде оған оттегінің келуі киын-
185


дайды, қан тамырлары үзіліп, гематома, тромба, флегмона пайда болады, үл- 
палар өліеттенеді, яғни ауасыбағасыз микроб үшін қолайлы жағдай туады. 
Бастапқыда бактерия түскен үлпа шағын ғана ошақ болыгі ойылады да, ке- 
йіннен айналасы қабына бастайды, қан тамырлары зақымданып, фибрин 
ұйып, көп мөлшерде белокты заттар бөлінеді, тромба пайда болып, нәтиже- 
сінде бүлшық ет, тарамыс, сіңір, шеміршектер мен саусақ сүйектері өліетте- 
неді.
Бастапқы өліеттенген ошақтағы қоздырупіылар тромбаларда молынан 
өсіп, тромбадан үзілген бөлшектермен бірге қанға түсіп ішкі үлпалардың ка- 
пилярларында тоқтайды. Содан өкпеде, бауырда, ішекте, көк бауырда, мида, 
басқа мүшелерде метастазалар пайда болады. Дерт процесінің орын тебуіне 
байланысты бронхопневмония, плеврит, перитонит, абсцесса, флегмона, т.б. 
өрбиді. Қосалқы инфекциялардың (стафилококтар, стрептококтар, газды дом- 
бығу микробтары, т.т.) қабаттасуы нәтижесінде ауру асқынып, зілді нышан 
алады.
Егер аурудың соңы сэтті аяқталса, дерт процесі тоқтагі, бастапқы өліет- 
тенген телімдер бітіп, жануар жазылады.
Өтуі 
мен симптомдары. 
Инкубациялық кезеңі 1-3 күн. Клиникалық 
белгілері жануардың түлігі мен жасына, аурудың түрі мен өгуіне байланысты. 
Жас төлде сарып жіті, ал ересек малда жітіден төмен жэне созылмалы өтеді. 
Әр түрлі мүщелердің дертке шалдығуына байланысты аурудың 4 түрі болады: 
терідегі, кілегейлі қабықтардағы, ішкі ағзалардағы жэне сүйектегі сарып.
Терідегі сарып
- аурудың ең жиі кездесетін түрі. Ол сыртқы мүшелердің 
зақымдануы арқылы білінеді де, көбінесе малдың сирағында үшырасады. 
Сиыр мен шошқаның мойыны, тұла бойы, желіні, жас төлдің кіндігі, күлағы 
жэне құйрығы зақымданады. Көбінесе дерт алдымен артқы аяқты қамтиды, 
бастапқыда бір аяғында болып, кейіннен екінші аяғына ауысады. Қойдың бір 
мезетте бірнеше аяғы зақымдануы мүмкін. Әуел баста болмашы жарақат пен 
сызаттың маңайы қызарып, домбығады. Мал ақсап, ауырған аяғын сілкіп, бей- 
жай күйге түсіп, жемшөптен қалады, денесінің ыстығы 40°С-қа дейін көтері- 
леді, 1-2 күннен соң қалпына келеді. Қабыну процесі бақайдың арасы мен май 
өкшеден тілерсекке қарай өрбиді. Бүл кезде жануар аяғын баса алмай, жатып 
қалады. Ауру зілді өткенде қабыну флегмонаға айналып, арыдағы бүлшық 
еттерді, сіңір мен тарамысты қамтиды. Содан кейін ойылып, жағымсыз иісі 
бар ірің ағады. Қабынған телімдердің жаппай ойылып, өліеттенуі нэтижесінде 
тұяқ көбесінен сыпырылып түсіп қалады. Кейде тұяқ қана емес, тіпті тілер- 
сегінен, саусақтың фалангалары буын-буынынан үзіліп кетуі мүмкін. Мүндай 
күйге ұшыраған қой түра алмай, тізерлегі қалады. Жылқыда ауру зілді өткенде 
гангреналық дерматит өрбіп, дерт қанға шабады да, өлі тиеді.
Кілегейлі қабықтардагы сарып
эдетте бір апталық жас төлде кездеседі 
де, ересек жануарда сирек байқалады. Ауру ауыздың өліеттеніп уылуы ре- 
тінде өтеді. Ауыздан басқа танаудың, жыныс мүшелері мен ішектің кілегейлі 
қабықтары зақымданады. Аурудың өрбуіне себеп жас малдың тісі шыққан 
кезде ауыздың қызыл иегі, үрты мен тілінің кілегейлі қабығы жарақаттанып, 
оған зарарланған ж ем ш өп пен төсеніш тен, енесінің ластанған ем ш егінен
186


сарыптың қоздырушысы түседі. Нәтижесінде ауыздың кілегейлі қабығы қабы- 
нып, қабыршақтаяады. Бүдан кейін көмейдің, кеңірдектің кілегейлі -қабық- 
тары мен көршілес мүшелерге дерт шабады. Төлдің үрты, тақцайы, еріні, та- 
науы өліеттеніп ойылады. Жануар аузын ашып, ентіге дем алады. Ауызынан 
иісі жағымсыз -көбікті сілекей ағады. Tie түбірінің маңайы қабынғанда, тіс 
түсіп қалады. Зақымданған тіл салақтап-ауы зданіпы ғы п тұрады. Өкпеде, 
бауырда, ми мен жүрек қабында үлпалардың ыдырауынан өліеттенген ошақ- 
тар пайда болады. Ауру жіті.өтеді де, жануар 7-10 күн ішінде арықтап, өлі 
тию мен жүрек қызметінің жетімсіздігінен өледі.
Ішкі агзалардагы сарып
кезінде дененің ыстығы көтеріліп, нэжісінің түсі 
сүрғылт-жасылданып іші өтеді. Құрсақ еттері, эсіресе бауырдың түсы ауыр- 
сынады. Жануардың жүні үрпиіп, қарыны қабысады. Өліеттенген энтериттен 
жазылмайтын болғандықтан ондай малды сойып тастау керек.
Басқа ішкі мүщелер зақымданған кезде сарыптың өзіне тэн белгілері бол- 
майды. ‘Ауырған мал табыннан бөлініп қала береді, бей-жай, жемшөпке сел- 
соқ, жүдейді, өнімділігі төмендейді. Дерт процесі өкпеде орын тепкенде брон- 
хопневмонйя, плеврит өрбіп, демі сырылдап, булығып жиі жөтеледі. Өді- 
еттенген ошақ мида болса жүйке қызметі бүзылып, ал жүректе болса жүректің 
кемістігі білінеді. Мүндай жағдайда сарыпқа диагноз тек сойғанда ғана 
патанатомиялық әдіспен қойылады.
Жыныс мүшелеріндегі сарып
әдетте қойда кездеседі де, өте ауыр өтеді. 
Ауырған мал отарға ілесе алмай, селқостанып, жемшөпке қарамайды. Денесі- 
нің ыстығы 40-42°С-қа жетеді. Сарпайы сызданып, айналасы өліеттеніп, ойы- 
лады. Қынаптан іріңді, кейде қан аралас сүйық ағады. Ауырған жануар жиі- 
жиі несеп шығаратындай ыңғай білдіреді, көбінде жатып қалады, ыңырсып, 
тістерін шықырлатады. Қошқардың үрпінің ауызы мен шыбығының кілегейлі 
қабығы өліеттеніп, ойылады. Кейіннен дерт ұшасына жайылады. Сйырдың 
жыныс мүшелерінің кілегей қабығы бүзаулағаннан қейінгі алғащқы күндері 
зақымданады. Ауру бүзаулағаннан кейінгі акушерлік көмек көрсеткенде жүға- 
ды. Сиырда жыныс мүшелеріндегі сарып оның сирақтағы түрімен қабаттасып 
өтеді. Кейде тууға таяп қалған буаз сиыр ауруға шалдығып 8-9 айлығында іш 
тастайды. Тастанды төлдің денесі семіп қалуы (мумификация) мүмкін. Мүн- 
дай жағдайда шаранадан өте жағымсыз иіс шығады. Сиырдың ұзақ уақыт 
шуы түспей, соңы созылмалы метрит пен эндометритке үласады. Кейбір 
сиырдың қынабы мен жатырының кілегейлі қабығы өліеттеніп, тері астында 
эмфизема байқалады, тіпті іші өтіп, жөтеледі. Ауырған мал 8-10 күн ішінде 
өледі. Осылай ауырған сиырдан бүзау тірі туған күннің өзінде, жас төл бірер 
күн ғана тұрады да, өліп қалады. Енесі сау бұзауға туған кезде кіндігі арқылы 
сарып жүқса, аурудың оншама сыртқы белгілері білінбей-ақ, 4-5 күндігінде 
өледі.
Сүйектегі сарып
остит немесе остеомиелит ретінде негізінен ірі қарада 6 
айдан 3 жасқа дейінгі аралықта кездеседі. Жылқыда сирек байқалады. Ауру- 
дың қоздырушысы жілік майы мен сүйектің кемікті затында қауырт көбейеді 
де, дерт жіліктер мен үсақ сүйектерді, сонымен қатар омыртқаны зақым- 
дайды.
187


Ауру сирақта болса, мал ақсап, тамыр соғысы жиілеп, ыстығы 41°С-қа 
дейін көтеріледі. Зақымданған аяғы сіресіп, эрең бүгіледі. Жануар тұяғының 
ұшынан басуға тырысады. Бара-бара сүйектері томпайып, аяқтың бұлшық ет 
тері сола бастайды. Малдың күйі нашарлап, арықтайды, ақсауы үдей түседі, 
ыстығы бір түсіп, бір жоғарылайды. Дерт омыртқа сүйектерінде орын алса, 
жануардың түла бойы мен сирақтары салданады.
Малдың эр түлігінДе олардың жасына қарай сарыпты мынандай клиника- 
лық ерекшеліктері болады. Ересек ірі қараның негізінен зақымданатыны 
сирақтары (панариций) мен жыныс мүшелері (өліеттенген вагинит, метрит, 
эндометрит). Қойдың бірнеше сирағы қатарынан дертке шалдығып, ерні мен 
танауының айналасындағы тері, ауызы мен жыныс мүшелерінің кілегейлі қа- 
бықтары ойылады. Жылқыда бүл ауру сирақтың гангреналық дерматиті, ал 
солтүстік бүғысында бақайдың көбесінің шіруі ретінде байқалады. Итте орны 
шектеулі баяу өтетін өліеттену процесі қүйрығында, артқы тесігінің айнала- 
сында, аяғының үшында, еріні мен тұмсығында кездеседі. Үй қоянында 
негізінен ауызының кілегейлі қабығы іріңдеп, өліеттеніп ойылады, денесінің 
әр түсында тері мен шелде абсцесса пайда болады. Тауықтың балапанында 
ауызының кілігейлі қабығы зақымданып, жағы мен үрты домбығып тілінің 
түбінде іріміктенген жалқақ пайда болады, ал ересек тауықта саусақтарының 
жер басар жағында буындары ісіп, іріңдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет