9.8. Лептоспироз Лептоспироз (
Leptospirosis ) - табиғи ошақты, дененің қызуы көтерілуі,
несепте қан мен терінің сарғайып, өліеттенуі, ішек-қарынның қимылы на-
шарлап, буаз малдың іш тастауы, төлді шалажансар тууы арқылы ерекше-
ленетін жүқпалы ауру.
Тарихи деректер. Ауруды ең алғаш адамДа Германияда
Weil (1886) си-
паттады. Қоздырушысын Жапонияда
Inado мен
Ido (1914) ашты жэне осы
елдің ғалымдары
Marti, Ido, Нокі (1916) адамға егетін вакцина жасады.
Кейіннен бүл микробтың иттің жұқпалы сары ауруын
(Uhlenhuth, 1918), ірі
қараның иктерогемоглобинуриясын (С.Н. Никольский, 1935), шошқа, қой мен
ешкінің осы тақылеттес ауруларын қоздыратыны анықталды. Сонымен 20 ғ
бірінші жартысында лептоспиралардың жануарлар мен адамның инфекция-
лық паталогиясында орны анықталса, 50-60-жылдары бұл зерттеулер жан-
жақты жүргізіліп, қазіргі кезде де сондай қарқынмеін жалғастырылуда.
Leptospiraceae'>Қоздырушысы -
Spirochetalis қатарының (порядок)
Leptospiraceae тұ-
қымдастығы,
Leptospira туыстастығына жатады
(lepto - нәзік,
spira - иір).
Leptospira туыстастығына екі түр енеді, паразит -
L.interogans жэне са-
профит -
L.biflexa. Барлық лептоспиралар морфологиялық жағынан бірдей:
денесі жіп тәрізді, екі үшы имектеніп бітеді, өте белсенді қозғалыста болады.
Олар бір-бірінен антигендік қүрамы бойынша ажыратылады. Бүл қасиетіне
байланысты серологиялық варианттарға ■
бөлінеді, өзара жақын сероварлар
топтарға бірігеді. Қазіргі уақытта