Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет135/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Иммунитет
Лептоспирозбен ауырып жазылған жануарда өзіне тэн 
иммунитет қалыптасады. Ол бастапқыда стерильсіз кейіннен стерильді тү- 
рінде байқалады да, ұзақ мерзімге сақталады. Әр түрлі әсермен, мысалы қыз- 
дырып немесе тиомерсол, фенол, формалин сияқты заттар қосу арқылы өл- 
тірілген лептоспираларды енгізгенде де денеде белсенді иммунитет пайда 
болады. Оның қалыптасуында гуморальдік факторлар басым роль атқарады
197


деп есептейді. Иммунды жануардың қан сарысуы лептоспираларды бір-біріне 
жабыстырады, ыдыратады (лизис), өсуін тоқтатады жэне аурудан қорғайды. 
Агглютинацияланған лептоспиралар фагоцитозға өте тез шалдығады.
Лептоспираның бір сероварынан ауырып жазылған жануар сол серовар- 
дан қайталап ауырмайды. Мәселенің күрделілігі бірнеше серовардың қабат- 
таса жүруінде. Мысалы шошқада 
Pomona
мен 
Tarassovi,
ал сиырда 
Pomona
мен 
Sejroe
қоздыратын аралас инфекциялар жиі байқалады.
Жануарлардың лептоспирозына қарсы тірі, өлтірілген жэне қоздыру- 
шының торшаларының эр түрлі компоненттерінен даярланған (компоненттік) 
вакциналар ұсынылды. Зерттеулер вакцинаның дауалық әсері оның құрамына 
кіретін сероварларға байланысты екенін көрсетті. Қазіргі қолданылып жүрген 
ВГНКИ-дің поливалентті деполандырылған вакцинасы эр түрлі серовар- 
лардан екі вариантта шығарылады. Сонымен қатар, енжар иммундеу жэне 
емдеу үшін лептоспирозға қарсы поливалентті қан сарысуы пайдаланылады.
Дауалау және күресу шаралары. 
Лептоспирозды болдырмау үшін басқа 
жақтан мал тұқымын асылдандыру жэне малдану үшін жануарларды тек қана 
сау шарушылықтардан лептоспирозға MAP, АР арқылы тексеріліп, теріс нә- 
тиже берген жағдайда ғана әкелуге болады. Барлық жаңадан келген малды 30 
күн карантинде үстап, лептоспирозға тексереді. Асыл түқымды мал өсіретін 
шауашылыққа лептоспироздан сау емес шаруашылықтан мал немесе мал 
өнімдерін экелуге болмайды жэне қан сарысуы лептоспирозға MAP немесе 
АР беретін аталық малдарды шағылысқа қосуға тиым салынады. Көрмеге 
апарылатын иттер лептоспирозға қарсы егілуі міндетті, ал терісі бағалы аңдар 
мен иттерге лептоспирозбен ауырған немесе лептоспира алып жүретін жа- 
нуарлардың шикі қасаптық өнімдерін жегізуге болмайды.
Лептоспироздың дауалау шараларының ішінде сонымен бірге жоспарлы 
түрде лептоспирозға малды серологиялық тексеру, кемірушілерді аулап 
тексеру, ашық су қоймаларын бактериологиялық тексеру маңызды роль атқар- 
ады. Малдың іш тастауы, төлді шала тууы, ауруға шалдығуы мен өлімге үтттьт- 
рауы үнемі қатаң есепке алынып, себебі анықталып отыруы керек. Лептоспи- 
розға күдік туғанда патматериал алынып, лабораторияға жіберіледі.
Лептоспироздың табиғи ошағы болып есептелінетін территорияда бүл 
ауруға қарсы егілмеген малды жаюға тиым салынады. Аурудың табиғи оша- 
ғын жоюға бағытталған шүғыл шаралар жүргізіледі. Ол аймақта жүйелі түрде 
кемірушілер құртылып, батпақты жэне шалшықты жерлер қүрғатылады. Мал- 
ды суару үшін артезиан қүдықтары мен қүбыр жүйесінің сулары пайдаланы- 
лады. Жаздық мал лагерлерін қүрғақ, дөңес жерлерге орналасырады.
Лептоспироз байқалған жағдайда шаруашылыққа шектеу қойылып, жа- 
нуарларды малдану мақсатымен әкетуге, лептоспирозға қарсы егілмеген 
малды экелуге, мал дәрігерінің келісімінсіз малды араластыруға, лажсыз со- 
йылған малдың қасаптық өнімдерін сатуға, ашық су көздерінен малды суа- 
руға, лептоспирозға қарсы егілмеген сау малды лептоспирозбен ауырған мал 
жайылған жайылымға жаюға болмайды. Егер ондай жайылымның топырағы 
қүрғақ болса, күннің көзі ашық кезінде 7 күн өткізіп барып жаюға болады. Ал 
топырақ дымқыл болса ондай жерге тек егілген мал ғана жайылады. Малдың
198


қора-жайын, оның төңірегіндегі ауланы ветеринариялык-санитариялық талап- 
тарға сай жағдайға келтіреді.
Ауру шыққан шаруашылықта ағымдағы шектеу дезинфекцияны эрдайым 
ауырған мал бөлініп алынған соң жасап отырады да, аурудың шығуы тоқ- 
талғаннан кейін эрбір 10 күн сайын шектеу алынғанға дейін жүргізеді. Дезин- 
фекция үшін 2% белсенді хлоры бар эк тұнбасы, 2% күкірт-карбол қоспасы- 
ның ыстық ерітіндісі, 5% фенолды креолин эмульсиясы жэне т.б. қолданы-. 
лады.
Ауру сиырдың сүтін қайнатып малға береді, ал клиникалық белгісі жоқ 
MAP мен АР беретін бірақ, титрі жоғарыламайтын сиырдың сүтіне ешқандай 
шектеу қойылмайды.
Лептоспироздан сау емес шаруашылықта жануарларды түгел қарап шы- 
ғып, ішін-ара ыстығын өлшейді, ауру және дүдэмал малдарды оқшаулап, 
диагнозын анықтап, емдейді, клиникалық белгілері жоқтарын вакцинамен 
егеді.
Шектеу бордақылау кешендері мен торай алатын шаруашылықтарда бар- 
лық жануарларды етке өткізіп, мүқият тазалап, санитариялық жөндеу және 
қорытынды дезинфекция жүргізген соң, ал асыл түқымды мал өсіретін шаруа- 
шылықтарда олардың сауықтырылғандығы зертханалық тексерумен дэлел- 
денген соң екі ай өткенде, ал малды қолдан үрықтандыратын пункттерде 
тиісті лептоспироздан сауықтыру шаралары түгелдей іске асқан соң үш ай 
өткенде алынады.
Лептоспироз шыққан шаруашылықта мал бағатын барлық адамдар леп- 
тоспирозға қарсы егілуі жэне барлық еңбекті қорғау шаралары іске асырылуы 
керек.
Атаулар мен ұғымдар
Лептоспироз, Leptospirosis, Leptospira interogans, Leptospira biflexa, 
L.pomona, L.tarasovi, L.canicola, L.grippothyphosa, L.hebgomadis, L.sejroe, 
L.hardjo, иктерогемоглобинурия, гемотурия, микроагглютинация реакциясы, 
микроагглютинация лизис реакциясы, қосалқы гемагглютинация реакцисы, 
лактекс агглютинация реакциясы, ВГНКИ-дің деполандырылған полива- 
лиентті вакцинасы, поливалентті қан сарысуы.
Бақылау сүрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауруд- 
ың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
2. Әр түрлі малдардағы лептоспироздың қоздырушылары қандай?
3. Лептоспироз неліктен табиғи ошақты ауруларға жатады?
4. Лептоспирозбен ауырған жануарларды қалай емдейді?
199


Тапсырма
Лептоспирозға патматериал ретінде алынған бүйректщ қалай тексеріле- 
тіндігін, жэне лептоспирозға тексеру үшін сиырдьщ несебін қалай альш, қалай 
зерттеу жүргізетінін бастан аяқ жазбаша баяңдаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет