Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет153/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Иммунитет 
табиғи жағдайда ауырғаннан кейін үзаққа созылмайды. 
Күйіс қайыратын жануарлардың сіреспеге біршама төзімділігі - ауру қозды- 
рушысының таз қарынында өсіп, бөлінген токсиннің біртіндеп қанға өтуінен 
болатын иммундеуші субинфекциясының нәтижесі.
218


Белсенді жасанды иммуңитет қалыптастыру үшін ауру жиі байқалатын 
территорияда сіреспенің анатоксині қолданылады. Жылына бір реі тері 
астына ірі жануарларға 1 мл, үсақ жануарларға 0,5 мл егеді. Жылқы зауытын- 
да буаз биелерді туарынан 1-1,5 ай бұрын, ал қүлынды 5-8 анталық кезінде 
анатоксинмен егеді.
Анатоксиндік сарысуды дауалық мақсатта асқынған жара мен хирургия- 
лық операциялар кезінде пайдаланады. Оны тері астына 4 000-8 000 ӘБ 
мөлшерінде жібереді, ал ауыр жарақат кезінде дозасын 2 есе көбейтеді.
Дауалау және күресу шаралары. 
Сіреспені дауалаудың негізгі жолы -
травматизмнен сақтау, жарақатты дер кезінде дұрыс хирургиялық домдау, 
малды төлдеткенде, піщкеңде асептика мен антисептика галаптарын мұқият 
орындау. Сіреспе жиі байқалатын жерде, эсіресе, бағалы жануарларға опе- 
рация жасар алдында, сақтык ретінде антитоқсиндік сарысу жіберген жөн. 
Сол сияқты мал жарақаттанғанда немесе төлдеуі ауыр өткенде 12 сағатак 
қалдырмай сіреспенің антитоксинін жіберу аурудың алдын алады.
Атаулар мен ұғымдар
Сіреспе, tetanus, столбняк, Clostridium tetani, тетанолизин, тетаноспазмйн, 
нейротоксин, тризм, анотоксин, антитоксиндік сарысу.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатың негізгі мэлімеітер; ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанагомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
2. Сіреспені токсиноинфекцияға жатқызуға бола ма, жоқ па? Себебін 
түсіндіріңіз.
Тапсырма
Сіреспемен ауырғын таза қанды ақалтеке айғыр жасы 6 да, салмағы 450 
кг, алдыңғы оң аяғының табанына шегё кірген, қозғалып жүре алмайды, жем 
жемейді, су ішпейді. Емдеу шараларын толықтай, берілетін дэрі-дэрмектің 
рецептерін келтіре отырып, жазбаша орындаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет