Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологоанатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет152/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Патологоанатомиялық өзгерістер. 
Оншама өзгешеліксіз байқалады. 
Өлексенің сіресуі айтарлықтай. Қанның түсі қара қошқылданып, нашар ұйи- 
ды. Бұлшық еттердің түсі піскен етке ұқсас, эр жері қанталаған. Бауыр мен 
бүйректерде дегенерациялық өзгерістер болуы мүмкін. Эпикард пен жүрек 
еттері мен көкірек пердесі қанталайды, өкпенің қанға толып, домбығуы жа- 
нуардың түншығып өлуінің себебі болып табылады.
Балау. 
Сіреспеге диагноз қойғанда ең негізгі эдіс - клиникалық зерттеу. 
Клиникалық белгілерін талдау арқылы түпкілікті диагноз қоюға болады. Зерт- 
ханалық тексерулер негізінен басқа аурулардың басын ашу үшін жүргізіледі. 
Бактериологиялық зерттеулер сіреспені балау үшін қосымша мэліметтер бе- 
реді. Зертханаға бактериологиялық зерттеу үшін жарадан аққан бөлінді, ірің, 
зақымданған үлпалардың кесіндісі алынады.
Ажыратып балау.
Қүтырықтан, стрихнинмен уланудан, эпилепсиядан, 
жайылымдағы тетаниядан, бүлшық ет ревматизмінен, пододерамиттен ажы- 
рату керек. Қүтырық кезінде ауырған жануар тарпаң, қабаған, сүзеген болып, 
жағы мен сирағы салданады, жайылым тетаниясы қыстан кейін кенеттен 
көкке шыққан малда біраз уақыт білінеді де, тез арада басылып қалады. 
Ревматизм мен пододермамит кезінде бүлшық ет пен түяқтың мүйіз асты 
үлпасы қабынады да, рефлекторлық қозу байқалмайды. Басқа аурулардан 
бағып-күту, жемшөп беру жағдайларын, физиологиялық күйін талдау арқылы 
ажыратады.
Емі. 
Ауырған малды оқшаулап, жарасын мұқият қарап шығады. Абсцес- 
ті жарып, іріңді ағызып, өліеттенген үлпаларды алып тастайды да, жараны 
антисептикалық ерітінділерімен (5% йод түнбасы, 3% карбол қышқылы, 0,1% 
калий перманганаты, 3% сутегінің қос тотығы, 1:5000 фурацилин) жуады.
Телімді емдік препарат ретінде сіреспегеіқарсы антитоксиндік сарысуды 
қолданады. Оны тері астына, көк тамырға, бүлшық етке, жараның айна- 
ласына, зақымданған жердің жүйке тамырларының бойына жібереді. Емдік 
дозасы ауру басталған соң 2-4 күн сайын ірі жануарларға 80000 ӘБ, олардың 
төлі мен үсақ жануарларға 40000 ӘБ. Антитоксиндік сарысу қандағы бос 
токсинді ғана бейтараптайды, ал жүйкеге өткен токсинге эсер етпейді. Сонд- 
ықтан бүл дэрмектің эсері аурудың басталған кезінде ғана болады. Антибио- 
тиктермен басқа да микробтарға қарсы жэне симптоматикалық дэрілермен
216


қоса берілген кезде сарысудың емдік әсері артады. Gipecne микробының веге- 
тативтік түрі мен басқа микробтарға әсер ететін пеницилин, стрептомицин
тетрациклин, хлорамфениколды эдеттегі мөлшерде қолданады.
19-сурет. Сіреспемен ауырган жылқы.
20-сурет. Сіреспемен ауырган сиыр.
217


21-сурет. Сіреспемен ауырган ешкі.
Телімді емдік препарат ретінде сіреспеге қарсы антитоксиндік сарысуды 
қолданады. Оны тері астына, көк тамырға, бұлшық етке, жараның айна- 
ласына, зақымданған жердің жүйке тамырларының бойына жібереді. Емдік 
дозасы ауру басталған соң 2-4 күн сайын ірі жануарларға 80000 ӘБ, олардың 
төлі мен ұсақ жануарларға 40000 ӘБ. Антитоксиндік сарысу қандағы бос 
токсинді ғана бейтараптайды, ал жүйкеге өткен токсинге эсер етпейді. Сонд- 
ықтан бүл дэрмектің әсері аурудың басталған қезінде ғана болады. Антибио- 
тиктермен басқа да микробтарға қарсы және симптоматикалық дэрілермен 
қоса берілген кезде сарысудың емдік әсері артады. Сіреспе микробының веге- 
тативтік түрі мен басқа микробтарға әсер ететін пеницилин, стрептомицин, 
тетрациклин, хлорамфениколды эдеттегі мөлшерде қолданады.
Бүлшық еттің қарысуын бәсеңдету үшін жануарға тыныштандыратын 
жэне наркоздық дэрілер жібереді. Жылқыға хлоралгидратты клизмамен 30-50 
грамына 300-500 г қоймалжың крахмалмен немесе көк тамырға 10% ерітін- 
дісін 150мл, күкірт қышқыл магнезийді күніне 2 рет 30% ерітіндісін 50 мл 
тері астына, аминазинді тері астына немесе көк тамырға Ікг массасына 1-2 мг 
есеппен 2,5% ерітінді түрінде аса сақтықпен, новокаиннің 1% ерітіндісін 
көктамырға 2 мг қүрғақ затын жануардың Ікг массасына.
Ауырған малды қараңғыланған қораға енгізіп, төсенішін мол етіп, маза- 
ламай, диетикалық жемшөп (тартылған жемді сулап, тамыр түйінді азықты 
үсақтап) береді. Керек жағдайда глюкоза қосылған (1л суға 400г) клизма бе- 
реді, жүрекке әсер ететін дэрілермен уротропн (50 мл 20% ерітінді) жібереді. 
Тік ішекті нэжістен босатып, қуыққа массаж жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет