Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет306/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Ажыратып балау. 
Дизентерияны обадан, вирустық гастроэнтериттен
сальмонеллезден, колибактериоздан, жұқпайтын гастроэнтериттердең ажыра- 
ту керек.
Оба көбінесе тез тарап, кең ауқымды індет, лаң түрінде өтеді жэне шош- 
қалар жасына қарамастан ауырады. .Патологияльіқ-анатомиялық өзгерістер- 
ден геморрагиялық қанталаулар, көк бауырда инфаркт ошақтары, тоқ ішекте 
“бутондар”-кездеседі.
Вирусты гастроэнтерит көбінесе жас торайларда кездеседд эрі аса жү- 
ғымтал келеді. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер аш ішекте болып, 
нәжісіне қан араласпайды.
Сальмоңеллезде тоқ ішекте казеозды (іріміктену) өзгерістер болып, ауру 
жай өрбиді.
Колибактериоз көбінесе жаңа туған торайларда кездеседі.
Жұқпайтын гастрознтериттер көбінесе сапасыз, бұзылған жемнің эсет 
рінен болып, ауру тек қана сол жемді жеген топтагы шошқалармен шектеледі.
Емі. 
Емдеу үшін көптеген дэрмектер пайдаланылады. Оларға осарсол, 
ветдипасфен, нифулин, тилан, фармазин, трихопол жатады.
Осарсолды дер кезінде пайдаланса, іауруды емдеуте болады. Оны күніне 
2 реттен 3 күн қатарынан береді. Қажет болса, емді 5-6 күннен кейін қайта- 
лауға болады. Осарсолды сондай-ақ дауалау мақсатында шартты сау шошқа- 
ларға да беруге болады. Ем ретінде фуразалидон, синтомицин, стрептомицин, 
биомицин қолданылады. Еммен қатар ауру малдардың жемін, күтімін жак- 
сарту керек. Әсіресе, рационға диеталық азықтар енгізіп, жемнің өзін белгілі 
мөлшермен бергізу керек.
Иммунитет. 
Ауырған шошқаларда дизентерияға иммунитет түзілмейді. 
Бірақ, қанында антиденелер байқалады.
Дауалау және күресу шаралары. 
Дауалау мақсатында шаруашылықта 
тиісті ветеринариялық-санитариялық ережелерді қатаң сақтап, жаңадан 
экелінгең шошқаларда карантинде үстап, дизентерияға тексереді. Ірі шошқа 
өсіретін кешендерде табынды өз есебінен толықтырып, ал бордақылау ке- 
шендерінде шошқаны соңғы 2-3 жылда дизентериядан сау шаруашьщықтаң 
алады.
Жаңадан экелінген шошқаларды 30 күндік дауалау карантиніне қойып, 
жан-жақты тексереді. Сонымен қатар, топтың ішіне 5-10 бас осы шаруашы- 
лықтың шошқасын қосады (биосынама). Егер қосылған шошқалардың ішінде 
ауру байқалмаса, әкелінген мал басы дизентериядан аман болғаны. Әкелінген 
шошқаларды негізгі топқа аудармастан бүрын олардың ,тері үстін 0,5% 
күйдіргіш натрий мен 1% формальдегидтің ерітіндісімен тазалайды. Қораның 
еденін күйдіргіш натрийдің 4% ерітіндісімен зарарсыздандырады.
Егер карантин кезінде ауру байқалса, яғни биосынама оң нэтиже берсе, 
барлық малды етке тапсырып, мал тұрған қора-жайды зарарсыздандырып 
тазалайды.
Ауру шыға қалған жағдайда, шаруашылық дизентериядан сау емес деп 
анықталып, шектеу енгізіледі. Жүргізілетін шаралардың жоспары жасалына- 
ды. Осыған сэйкес қан аралас іші өтіп, ауырып түрған шошқаларды оқшаулап,
388


союға жібереді. Ауру торайларды енесімен бірге оқшаулайды. Қора-жайды 
жақсылап тазалап, дезинф екциялайды А уру жөнінен күмэнді жэне шартты 
сау малдарды дәрмектермең дауалау мақсатьщда емдейді. Шощқаларға дие- 
талық азықтар беріп, жем беруді реттеп, мөлшерлеу керек: 'Ауру шыққан 
қораларды күнде тазалап, дезинфекция жасап, көңді зарарсыздандырады. Таза 
қораларда эр 5 күн сайын дезинфекция жасайды.
Шаруашылықты соңғы дизентериямен ауырған шошқаны бөлгеннен ке- 
йің 3 ай өткесін аурудан ада деп есептейді. Шектеуді алардың алдында бар- 
лық қора-жайларды, олардың төңірегін механикалық жолмең тазалап, арасыңа 
7 күн салып 2 рет дезинфекциялайды. Шектеуді алғаннан кейін 1 жылға дейін 
шаруашылықтан басқа жаққа шығарылатын щошқаларды міндетті түрде 
дизентерияға тексеріп отырады.
Атаулар мен ұғымдар
Шошқаның дизентериясы, Dysenteria suum, дизентерия свиңей, Borrelia 
hyodysenteria.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер і саналатын негізгі мэліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет