Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет314/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Дерттенуі. 
Ауру қоздырушысы шошқа денесіне ауамен бірге еніп, та- 
науды ң кілегейлі қабы ғы н қабы нды рады . Қ абы ну деңгейі ж алпы ш ош қа
396


организмінің ауруға қарсы тұру қабілетіне, фосфорлы-кальцилі зат алмасудың 
бұзылуына, витаминдердің жетіспеушілігіне (эсіресе, Е витамині), эр түрлі 
қосалқы микрофлоралардың қатысуына байланысты болады.
Әдетте зардапты өзгерістерге кілегейлі қабықтың астындағы қабаттар, 
танау кеңсірігінің шеміршектері, бас сүйегінің беткі бөлігі ұшырайды. Қа- 
бынудың эсерінен сол жердегі қан айналымы бұзылып, сүйектегі кальций бір- 
тебірте шайылып, сүйек ұлпасы кеміктеніп, өсуі тоқтайды. Соның нэтиже- 
сінде жоғарғы жақ сүйегінің өсуі тоқтап, төменгіге қарағанда 3-5см қысқа 
болып қалады. Жоғарғы жақ сүйегінің деформациялық өзгерістерінің әсері- 
нен шошқаның тұмсығы үстіне қарай қайқайып (мопсовидность) немесе бір 
жағына қарай қисайып кетеді. Малдың тістері бір-біріне дұрыс беттеспей, 
жем жеуі қиындайды, соның салдарынан қарын, ішектің катарлы қабынуы 
өрбиді. Танау кеңсірігінің семуі салдарынан ауа алмасу бұзылып бронха, өкпе 
қабынады. Ауру малдың жүйке-гормонды күйі өзгеріп, табиғи ауруға қарсы 
түру қабілеті нашарлап, өсуі тоқтагі, қатарынан қалады.
Танаудың, кілегейлі қабығының атрофиялық қабынуының себебі жоғар- 
ғы мойын симпатикалық жүйке түйіннің дегенеративті өзгерістерінің әсері 
деп есептейді. Басқа пікір бойынша өзгерістер ауру қоздырушысының ішкі 
жэне сыртқы уларының әсерінен ғана жэне сол малдағы қуыстардың кілегейлі 
қабықтарының өліеттенуінің нэтижесінде өрбиді. Өліеттену ауру қоздырушы- 
сының иммундік жүйенің торшаларымен эрекеттесуіне кедергі жасап, нәти- 
жесінде атрофиялық ринитпен ауру шошқалардың қанында телімді антидене- 
лер байқалмайды, болған күнде аз мөлшерде кездеседі.
Өтуі және симптомдары. 
Аурудың жасырын кезеңі 7-15 тэулік. Ауру 
негізінен баяу өршіп созылмалы түрде өтеді. Бас сүйегінің беттік бөлігіндегі 
деформациялық өзгерістер пайда болғанға дейінгі аурудың клиникалық белгі- 
лері өзіне тэн болмайды.
Әдетте торайлар ауруға туғаннан кейінгі алғашқы күндері шалдығады. 
Аурудың алғашқы белгілері - зарарланғаннан кейін 7-12 тәулік өткесін то- 
райлар жиі түшкіріп, танаудың кілегейлі қабығы қабынып, сора ағады. Қатты 
зақымданған жағдайда танаудан қан ағады. Кейіннен танаудан аққан сора кі- 
легейлі-іріңді болып, көзінен жас ағып, төменгі қабағы ісіп, көздің ішкі бұры- 
шында қара дақтар пайда болады. Бүл кезеңде мегежіндер мен торайлардың 
күтімі нашар болса торайлардың басым көпшілігінде (10-90%) өкпе, брон- 
ханың қабынуы жэне іші өту белгілері байқалады. Нәтижесінде торайлардың 
бір бөлігі өліп, қалғандары титықтап, өспей қалады.
Кейбір торайларда танаудың кілегейлі қабығы жіті қабынғаннан кейін (2- 
3 аптадан аспайды) ауру жасырын түг-ге ауысады. Ондайда аурудың негізгі 
белгісі - кеңсіріктің семуі байқалмайдь., байқалған күнде де анық білінбей тек 
кейбір торайларда жақтарының беттесуі қалыптағыдай болмайды. Басқа 
торайларда аурудың белгілері, яғни, танау кеңсірігінің жэне бас сүйектің бет- 
тік бөлігінің семуі анық байқала бастайды, соның салдарынан күрек тістердің 
бір-біріне беттеспеуі 1-2 айлық торайларда 0,5-1 см болса, ал 3-6 айлық торай- 
ларда ол 1-3 см жетеді. Ауру торайлардың көпшілігінің жағының терісі қыр- 
тыстанып, жиырылып, төменгі еріні жоғары қайқайып, малдың жем жеуін
.397


қиындатады. Танау кеңсірігінің екі жағы бірдей - зақымданғанда торайдың 
тұмсығы жоғары қайқайып (мопсовидносгь), кежірейеді, ал бір жағьгзақым- 
данған торайдың жоғарғы жақ сүйегі бір жағына (не оңға, не солға) қарай 
қисаяды. Мұидай өзі ерістер ауру торайлардың 3-4 айлығында гең жарымында 
кездесуі мүмкін. Егерде қабыну процесі кеңсірік пен ми қабықтарын қамтыған 
жағдайда, торайларда Ауески ауруына ұқсас жүйке жүйесінің зақымдану 
белгілері білінеді. Торайлардың дағдыііы жүріс қимылы бұзылып, аяқтары 
жартылай салданып, не сал болады. Кейбір торайларда өкпенің, ішкі жэне ор- 
таңғы құлақтың қабынуы байқалады. Құлағы қабынған торайдың басы сол 
ауырған жағына қисайып, құлағы салбыраи кегеді. Ыссы кезде торайлардың 
танауынан қан кетеді. Ауру торайлар 4-5 айлығында осу жағынан сау торай- 
лардан көп кейін қалып, бірден көзге түседі. Ауру торайлардың қанында лей- 
копения болып, ядро солға ауысады, гипохромды қан аздық байқалып, капь- 
ций мен фосфордың мөлшері төмендеп, арақатынасы бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет