Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет313/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Қоздырушысы 
-
Bordetella bronchioseptica - Brucellaceae
 
тұкымдасты- 
ғының 
Bordetella
 
туыстастығына жатады. Көлемі 0,4-0,5 х 1,5-2,5 мкм, қоз- 
ғалмайтын, спора жэне капсула түзбейтін, грамтеріс таяқша. Құрамында ыс- 
тыққа төзімді 0-антигені жэне ыстыққа төзімсіз К-, Н-антигендері бар. Теріні
395


өліеттендіретін экзо- жэне эндотоксиндер түзеді, тыныс жолдарының кілегей- 
лі қабығына жабысып өсуге бейім келеді (адгезиялығы).
Зертхана жағдайында қоздырушының таза өсіндісін немесе ауру шош- 
қаның танау қуысының кілегейлі қабығының жуындысын 1-15 күндік торай- 
дың, көжектің, күшіктің, мысықтың танау қуысына жіберіп, оларды ауыртуға 
болады.
Төзімділігі. 
Қоздырушының төзімділігі элі толықтай зерттелмеген. Мал 
қораларында ауру қоздырушысы тіршілігін 16 тэуліке дейін жоймайды. Мүз- 
датылған күйінде 4 айдан артық сақталады. Күйдіргіш натрийдің 3%, фор- 
мальдегидтің 1% жэне жаңадан сөндірілген эктің 20% ерітінділері ауру қоз- 
дырушысын 3 сағатта зарарсыздандырады.
Індеттік ерекшеліктері. 
Қалыпты жағдайда ауруға шошқалар жасына 
қарамай бейім келеді, алайда клиникалық белгілері 1-2 айлық торайларда 
анық білініп, олар жиірек шалдығады. Сондай-ақ, қоян, егеуқұйрық, тышқан, 
теңіз тышқаны сияқты кемірушілер бейім келеді, сирегірек ит, қой, құлын 
ауырады.
Ауру қоздырушысының бастауы ауру шошқалар, олар микробты сыртқы 
ортаға жөтелгенде, түшкіргенде, танаудан аққан сорамен бөліп шығарады. 
Сақа шошқалар көбінесе жасырын түрде ауырып, қоздырушының таралуына 
себепші болады. Әсіресе, бұл түрғыдан мегежіндер жас торайларға аса қауіпті 
ауру қоздырушысының бастауы болып есептелінеді.
Табын ішінде ауру негізінен ауа арқылы тарайды. Сау шаруашылыққа 
індет көбінесе жасырын ауру малмен, әсіресе, тұқымдық малмен енеді. Хар- 
ристің (1968) деректері бойынша аурудан сау емес шаруашылықтарда бор- 
детелла алып жүрушілер 25-50% болады.
Атрофиялық ринитте індеттік процесс жай өрбіп, 2-4 жыл өткесін ең 
шырқау шегіне жетеді. Әдетте шаруашылық ауру жөнінен түрақты сау емес 
болып есептелінеді. Ауру алғашында жеке мегежіндердің бауырындағы то- 
райлардың арасында байқапады, кейіннен олардың саны көбейеді. Ауру імеге- 
жіндер қоздырушыны сыртқы ортаға 2-3 торайлағанша бөліп.шығарады.
Індеттің шығуына жэне таралуына шошқаларды жемдеу, күтім жағдайы- 
ның талапқа сай болмауы әсерін тигізеді. Әсіресе, жемнің қүрамында мине- 
ралды заттар, витаминдердің жеткіліксіздігі, қораның ішіндегі ылғалдылық- 
тың өте жоғары (90-100%) болуы, серуеннің жоқтығының нэтижесінде то- 
райлар арасындағы ауруға шаидығу 50-80%-ға жетеді.
Қолайсыз жағдайларды жөндеп, жем-шөпті жақсартып, ішошқаларды ла- 
герлі жайылымды үстауға көшірсе, індеттік процесс бэсеңсіп, ^ауру көбінесе 
клиникасыз жасырын түрде немесе аздаған кеңсіріктің семуімен білінеді. 
Бірақ, соның өзінде де торайлардың жақсы салмақ алмауынан шаруашылыққа 
келетін экономикалық нұқсан 20%, одан да жоғары болады.
Қазіргі өнеркэсіптік бағыттағы ірі шошқа шаруашылыктарында жалпы 
ветеринариялық-санитариялық шаралардың өндіріс технологиясының қүра- 
мына енгізілуі атрофиялық ринитті шектеуге толық мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет