Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет140/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Иммунитет
Листериозбен ауырып жазылған жануарларда иммунитет 
қалыптасып, қан сарысуында антиденелер пайда болады. Бірақ, листериозға 
қарсы гипериммунды қан сарысуының, одан алынған глобулиндердің, ауы- 
рып жазылған малдардың қан сарысуының емдік, дауалық қасиеті жоқ, 
сондықтан, бүл ауруға қарсы иммунитет жасушалардың әрекетіне негізделген 
деп есептеледі. 1975 ж. бастап Қазан ветеринария институтында алынған 
АУФ (ультракүлгін сәуле эсер еткен А варианты)іштамынан даярланған вак- 
цина қолданылады. Сиыр, қой, шошқа бүл вакцинамен жылына бір ,рет тері 
астына егіледі. Иммунитет 10-14 күн өткенде қалыптасып, 1 жылға дейін 
сақталады. Күзен мен үй қояндарында вакцинадан кейінгі иммунитеттің 
үзақтығы 6 ай.
Емі. 
Листериоздың өзіне тэн емдік препараттар жоқ. Емдеу үшін анти- 
биотиктер (биомицин, террамицин, тетрациклин) қолданылады. Ем неғұрлым 
ерте басталса, соғұрлым нэтижелі болады. Тіпті ауру жүғу қаупі туған кезде 
алдын-ала жүргізілсе листериоздың алдын алуға болады. Дауалық мақсатпен 
малдың Ікг салмағына биомицинді 20 мг, террамицинді 25 мг 5-7 күн бойы 
күніне 1-2 реттен беріп, қажет болғанда 5-6 күннен кейін қайталайды. Ауыр- 
ған жануарды емдеу үшін Ікг салмағына биомицинді 25 мг, террамицинді 30 
кг күніне 2-3 реттен жазылып кеткенге дейін жэне тағы бірнеше күн ауру 
қайталанбау үшін береді. Басқа да антибиотиктерді (амфицилин, экмонова- 
циллин, бициллин), сульфаниламиттерді қолдануға болады. Аурудың клини-
2 0 4


калық білінуіне байланысты симптоматикалық ем (жүректің, ас қорыту мүше- 
лерінің, жүйке жүйесінің қызметін дүрыстайтын, су-минерал алмасуын жақ- 
сартатын) қолданудың маңызы зор.
Дауалау және күресу шаралары. 
Листериозды болдырмау үшін шеттен 
экелінген малды бүл аурудан сау шаруашылықгардан ғана алу керек. Жем- 
шөптің, әсіресе, сүрлемнің сапасы үнемі бақыланып, кемірушілермен күрес 
жүргізіледі.
Листериоз байқалған шаруашылықты сау емес деп жариялап, оған шек- 
теу қойылады. Шектеудің шарттары бойынша малды әкелуге рүқсат етіледі. 
Лажсыз сойылған малдың қасап өнімдерін шикідей шетке шығаруға бол- 
майды. Тек қана ет комбинаттарында өңдеу үшін әкетуге болады. Листерия- 
лармен былғануы мүмкін жемшөпті, сүрлемді шетке шығаруға болмайды.
Листериоз шыққан фермада малдарды жаппай қарап, ішінара ыстығын 
өлшейді. Орталық жүйке жүйесінің зақымдану белгілері бар ауырған мал- 
дарды бірден союға жібереді. Ауруы күдікті жэне ауру малдарды оқшаулап, 
емдейді. Листерия алып жүруші жэне ауруы жасырын жануарларды анықтау 
үшін жаппай қан алып, АР мен КБР бойынша тексереді. Оң нәтиже берген 
малдарды да бөліп алып емдейді. Барлық қалған шартты түрде сау жануар- 
ларды АУФ штаммынан жасалған вакцина егілмесе бірден, жемге антибио- 
тиктер қосып береді.
Ауру мал тұрған қораны 3% күйдіргіш натрий ерітіндісі, 5% ксилонафт 
эмульсиясы, 6% креолин, 2% белсенді хлоры бар хлорлы эк тұнбасымен 
дезинфекциялайды жэне дератизация шараларын іске асырады.
Сауықтырылған шаруашылықтан соңғы ауырған мал жазылған соң 2 ай 
өткенде қорытынды дезинфекция мен дератизация жүргізіп барып, шектеу 
алынады.
Атаулар мен ұғымдар
Листериоз, Listeriosis, Listeria monocytogenes, АУФ вакцинасы
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мэліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
2. Листериоз қоздырушысының берілу факторы ретінде сүрлемнің қан- 
дай маңызы бар?
3. Листериоз қоздырушысы неліктен monocytogenes аталады, бұл ауру 
кезінде қандай жануарларда моноцитоз байқалады?
Тапсырма
Мал азығын даярлап, саудалайтын ірі шаруашылықта арнаулы ыіүңқыр- 
ларда сүрлем, қоймаларда арпа, сұлы жэне аралас жем (комбикорм) сақтала-
2 0 5


ды. Бұл қоймаларда тышқандар мен егеуқұйрықтар көбейіп, сүрлем мен жем 
алатын шаруашылықтарда сиыр мен қойлардың арасында листериоз байқал- 
ды. Бұл жағдайда мал азығын даярлайтын шаруашылық қандай шаралар 
қолдануы тиіс жэне өнімдерін қалай саудалайды? Жүргізілетін шаралардың 
жоспарын жасап, шаруашылықтың қиыншылықтан шығар жолдарын көрсе- 
тіп, нақты ұсыныстар беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет