тереллез шыққан қоян фермасында қатаң шектеу шаралары жүргізіледі.
Ауырған
қояндарды сойып, торлары мен қораны дезинфекциялайды. Барлық
сау қояндарға бүлшық етіне бір рет террамицин (1 кг массасына 20 мг) неме-
се екі рет 8-10 сағат аралатып биомицин береді де, 7 күн өткен соң 45 күннен
асқан қояндарға қоян пастереллезіне қарсы экстрактформолвакцинамен егеді.
Шаруашылықтан шектеуді 14 күн өткен соң алады.
Аң өсіретін щаруашылықтарда пастереллез байқалған жағдайда азығы-
ның құнарлы болуын ерекше бақылауға алып, тек қана пісірілген азық береді.
Емдік жэне дауалық мақсатпен антибиотиктер
мен арнайы қан сары суын
тағайындайды. Күзен мен саз күзен ауруға шалдыққан жағдайда алдын-ала
немесе лажсыз жағдайда майлы вакциналар егіледі.
Атаулар мен ұғымдар
Пастереллез, Pasteurellosis, Pasteurella multocida, Pasteurella haemolytica,
геморрагиялық септицемия,сырға ауруы, прецепитацияланған формалвак-
цина, аллюминий
сутотықты қоймалжың вакцина, бөктірілген (эмульгирован-
ная) вакцина, пастердің вакцинасы, краснодарлық К жэне АВ вакциналары,
экстрактформал вакцина.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қагысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәлімепер: ауру-
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер,
қоздырушысы, індеттік ерекше-
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер,
балау, емі, иммуңитет, дауалау жэне күресу щаралары.
2. Пастереллездің этиологиясында P.multocida мен P.haemolytica
қандай
рөл атқарады?
3. Жануарлар мен қүстардың әрбір түріне пастереллезге қарсы қандай
вакциналар қолданылады?
4. Тауықта пастереллездің «сырға ауруы» аталуы не себепті?
Тапсырма
Пастереллез шыққан қой, сиыр, тауық фермаларындағы дезинфекция,
дезинсекция, дератизация шараларының толық жоспарын жасап, іске асыру
жолдарын көрсетіңіз.
213