Қой мен ешкінің мойын еттері қарысады, ит пен шошқада эдетте тек қана
бастағы бүлшық еттері құрысып, азуы сыртына қарай жиырылып, үшінші
қабағы салбырап, тістерін шықырлатады.
Сіресгіемен ауырған жануар, егер уақыттылы емдемесе, негізінен өліп
қалады. Әдетте бірінші клиникалық белгілері білінген соң 3-6 күн өткенде
жаны шығады. Әсіресе, қой мен шошқада өлім көрсеткіші жоғары (95-100%),
ал жылқы мен сиырда төменірек (45-90%) болады. Жазылған кезде клини-
калық белгілері біртіндеп екі апта ішінде басылып, 4-6 аптада өтеді. Бірақ,
ұзақ уақыт жүрісінің ебедейсіздігі білініп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: