Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет147/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Иммунитет
Пастереллезбен ауырып жазылған жануарларда 6-12 айға 
иммунитет қалыптасады. Бүл аурудың алдын алу үшін бұрынғы Кеңестер 
Одағында бірнеше өтірілген вакциналар қолданып келді, сиыр, қой жэне 
шошқаның пастереллезіне қарсы преципитацияланған формол вакцина (ав- 
торы Н.М Никифорова), сиыр мен бұйволдың пастереллезіне қарсы Азербай- 
жан F3 институтының гидроокись алюминилі қоймалжың вакцинасы (авторы 
М.К. Ганиев), торайдың паратиф, пастереллез жэне диплококты септицемия- 
сына қарсы концентрацияланған поливалентті фармолвакцина, бөктірілген 
(эмульгированный) сиыр, бүйвол жэне қойдың пастереллезіне қарсы ваьщина 
(Н.М. Никфорова, А.В. Лукьянченко) бөктірілген шошқаның пастереллезіне 
қарсы вакцина (Н.М. Никифорова, А.В. Лукьянченко).
Вакциналарды аурудың алдын алу үшін немесе лажсыздан түрақты сау 
емес жерлерде, ауру кенеттен түтанып жедел өткен жағдайда немесе қауіп 
төнген аймақта қолданады. Преципитацияланған қоймалжың жэне концентра-
211


цияланған вакциналармен жануарларды екі рет егеді. Әлуетті иммунитет екін- 
ші рет еккен соң 7-10 күн өткенде қалыптасып, 6 айға дейін сақталады. 
Бөктірілген вакциналарды бір рет егеді, иммунитеттің мерзімі жылдан астам.
Құс шаруашылығында пастереллезді дауалау үшін француздық (Пас- 
тердің) вирулентсіз жэне Ресейлік вируленттілігі төмен краснодарлық К жэне 
АВ штаммдарынан дайындалған құрғақ тірі вакциналарды, сонымен қатар, 
өлтірілген, бөктірілген вакциналар тауықты жэне су қүстарын ауру шыққан 
жэне қауіп төнген шаруашылықта егеді. Егер алдында барлық ауырған немесе 
дүдэмал к&старды мүқият бөліп алып, аластайды. Егілген қүста иммунитет 5- 
ші күні қалыптасып, 4-6 айға дейін сақталады. Майлы вакцинаны негізінен 
қауіп төнген жэне түрақты сау емес шаруашылықтарда жэне ауру тұтанған 
кезде қолданады. Вакцина еккеннен кейін барлық құстарға жеммен 3-4 күн 
бойы норсульфазол немесе сульфадимезин береді. Иммунитет 8-ші күнге 
қарай қалыптасып, тауық түқымдастарында 6 айға дейін, суда жүретін құс- 
тарда 7 айға дейін сақталады. Содан кейін вакцинаны сульфаниламид дәрмек- 
терін қолданбай-ақ егуге болады.
Енжар иммундеу үшін сиыр, бүйвол, қой жэне шошқаның пастереллезіне 
қарсы гипериммунды қан сарысуы бар. Оны дауалық мақсатта ересек жа- 
нуарларға тасымалдау алдында, ал жас төлге мал кешендеріне әкелінген 
алғашқы күндерінде жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет