токсиннің барлық типтеріне төзімді келеді. Зертханалык ұсак жануарлардан
ботулизмнің токсиніне ақ тышқан, жэне үй қояны сезімтал.
Жаппай улану әдетте жылдың жылы уақытында болады. Ауасыбағасыз
жағдайда, ылғалды, жылу тұрақты 15-20°С-тан жоғары болғанда органикалық
заттар мол ортада клостридиялар жедел өсіп-өніп, споралар жэне токсин
түзеді. Мал азығында токсин жекелеген телімдерде болады. Уланған азықтың
түрі мен исінде ешбір ерекшелігі болмайды. Токсиннің мал азығында ойдым-
ойдым кездесуі жануарлардың кейбіреуінің ғана ауыруына себеп болады.
Ауылшаруашылық малдары негізінен сүрлем арқылы уланады. Сүрлемге
ботулизм уы тышқан жэне басқа кемірушілердің өлексесімен немесе құстың
саңғырығымен түседі. Ал ет қоректілер мен талғаусыз қоректілер жануар тек-
тес азықтан немесе кемірушілердің өлексесін жегенде уланады. Құстар жэн-
діктер мен олардың балапан құрттарымен қоректенгенде ауруға шалдығуы
мүмкін.
Ботулизм уы денеге әдетте ас қорыту жолдары арқылы жайылады. Соны-
мен қатар, ерекше жағдайда микроб споралары жарақаттанған ұлпаларда өніп,
токсин түзуі де мүмкін. Мүны "жарақат болтулизмі" деп атайды.
Ауру көбінесе бірен-саран спорадия түрінде немесе топырақта фосфор
жетіспейтін аймақта шағын түтану ретінде байқалады. Өлім көрсеткіші 70-
95% шамасында.
Достарыңызбен бөлісу: