Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет157/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі мен симптомдары
Ботулизмнің жасырын кезеңі 18 сағаттан 16 
тэулікке дейін. Денеге енген токсиннің мөлшері неғұрлым көп болса, соғұр- 
лым жасырын кезең де қысқа, аурудың өтуі де шапшаң болады. Ботулизм өте 
жіті, жітіден төмен жэне созылмалы өтеді. Аурудың тұтануы әдетте 8-12 
күнге созылады да, алғашқы 3-4 күнде ауруға шалдығу жоғары болады. 
Көбінесе дененің ыстығы көтерілмейді. Жіті өткенде ауру 1-4 күнге, жітіден 
төмен түрі 7 күнге, ал созылмалы болғанда 3-4 аптаға үласады.
Жылқы мен сиырда ботулизм 
аса жіті
өткенде, негізінен аурудың ешбір 
белгісі білініп үлгірмей, мал кенеттен өліп кетеді. Кей жағдайда есеңгірёген 
жануар басын көкірегіне бұрып, жатып қалады да, жантәсілім бермей-ақ өліп 
қалады. Сауығу өте сирек кездеседі.
Ауру 
жіті өткенде
жануар мазасызданып, рефлекс сезімі төмендейді. 
Жүргенде тэлтіректеп, аяғын талтая басып, эзер қозғалады. Бара-бара түра ал- 
май, жатып қалады, күштегенде эзер түрегеледі. Көздің, танаудың, іауыздың 
кілегейлі қабықтарында гиперемия байқалады, болмаса көкшіл немесе сар- 
ғыш тартып түрады. Танауы делдиіп, демін жиі жэне таяз алады. Ауру мең- 
деген кезде тамыр соғысы минутына 80-100-ге жетеді. Ж үрегі:элсіз соғып, 
аритмия байқалады. Ішектің жиырылуы бэсеңдеп, бара-бара атонияға үласып, 
іші қатады. Нэжісі жалқақтанып, аз бөлінеді. Несептің мөлшері азаяды да, 
онда индикан, белок жэне глюкоза байқалады. Қанда эритроциттерідің юаны 
сэл көбейіп, шөгу жылдамдығы төмендейді. Ауыздан сілекей ағып, астыңғы 
жақ салданып, тіл салақтайды. Жануардың жемшөпке тәбеті сақталып, шөлір- 
кейді. Ерінімен жемшөпті ауызына алғанымен, жүтқыншақтың салдануынан 
жүта алмай, қайта шығарып тастайды, не болмаса ауызын толтырып тұрады. 
Ажал тақаған шақта астыңғы жағы салбырап, шайнаудан :мүлдем қалады. 
Өлім көрсеткіші 90-95%. Тек қана жеңіл ауырған жануарлар ғана жазылады.
Ауру 
жітіден төмен
өткенде жануар орынынан түрып, қозғалғанымен 
жүргенде тез шаршагі, сүріне береді де, қайтадан жатады. Юнда да шайнауы 
мен жүтынуы қиындап, іші қатады, жүрек қызметі нашарлайды. Жүтынғанда 
аспирация болып, пневмония немесе өкпе гангренасына үшырауы мүмкін.
Созылмалы өткенде малдың орынынан түруы, жүруі қиындап, үзақ жат- 
қаннан денесінің эрбір жері ойылады. Сезімі, тэбеті, сиырдың күйіс қайтаруы 
сақталады. Жануар тез арықтайды. Сауығуы аурудың басқа түріне қарағанда 
жиірек байқалады.
222


22-сурет. Ботулизм кезінде жылқының тілінің салдануы.
Қой
ботулизм кезінде тәлтіректеп жүреді. Артқы аяқтарын бауырына 
қарай тартып ұстайды. Мойынын созып, басын кегжитеді. Мойыны салданғаң 
кезде бір жағына қарай иіледі. Ауру жіті өткенде ауызынан тілі салақтаи, сіле- 
кей ағады. Созылмалы түрде ауырып жазылған мал үзақ уақыт дел-сал күйде 
болады.
Ешкініц
жүріп-тұруы бұзылады да, шайнауға жэне жұтынуға қатысты 
бұлшық еттердің салдануы үнемі байқалмайды.
Шоища
сирек ауырады. Дыбысы шықпай, сілекейі шұбырып, денесінің 
қозғалысын дүрыс меңгере алмайды. Көруі нашарлап, жұтқыншағы мен жақ- 
тарының бүлшық еттері салданады. Бірнеше сағаттың ішінде, болмаса 2-3 
тэулікте өледі.
Құстар
(тауық, қаз, үйрек) аяқтарын баса алмай, қанаттарын салбыратып 
немесе ебедейсіз бір қанатын ғана қағады. Мойыны бүгіліп, басын иығына 
қарай бүрады. Сэл ашылған тұмсығынан шығып тұрған тілін жинап ала ал- 
майды. Ауру шегіне жеткен кезінде қүс бауырлап немесе бір жағына қисайып, 
жатып қалады. Мойынын созып, басын жерге салады. Судағы қүс жүзгенде 
табиғи қалпын сақтай алмай, мойыны мен басын дүрыс көтеріп үстамайды. 
Паралич болған кезде сезімі сақталады. Көздің қарашығы үлғайып, ашылып- 
жүмылатын жарғағы орынына бармайды.
Ауырған 
иттіц
аяқтары салданып, көзі қимылдамай, дел-сал күйде бола- 
ды. Ішектің қызметі бүзылып, жүтқыншағы жансызданады. Ақыры асфик- 
циядан тыныс ала алмай өледі. Ауруға пневмония қабаттасуы мүмкін.
Күзенде
токсин бойға енген соң аурудың белгілері 0,5-4 күн шамасында 
білінеді. Сирақ еттері салданып, көздің қарашығы ұлғаяды. Ауызынан сілекей 
ағып, еркінен тыс несеп бөлінеді. Басы бір жағына қисайып, көз қарасы бір 
жерден аумайды. Ызаланған аң тістеп алуы мүмкін. Тыныстың тоқтауынан 
өледі. Өлім көрсеткіші 70-80%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет