Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет156/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дерттенуі. 
Азықпен денеге енген токсин аш ішектен қанға сіңіп, 20 мин 
ішінде өкпенің, бауырдың, жүректің ұлпаларына, етке, несепке, тіпті миға 
жетеді. 60 мин өткенде концентрациясы аталған мүшелерде төмендейді де, 
бүйрек пен бүлшық еттерде жоғарылайды.
Денеге ауыз арқылы енген ботулизм уының өлтіретін дозасы оны құрсақ 
қуысына жібергендегі өлтіретін дозасынан 5 000-250 000 рет төмен. Ауыз 
арқылы енгізгенде таза токсинге қарағанда оның усыз гемаглютининмен қос- 
пасының уыттылығы жоғары болады. Бұл улы комплекс ас қорыту жолында 
ыдырамаған күйі қанға өтеді. Комплекстің сіңірілуі оның көлеміне тэуелсіз.
Жалпы алғанда токсиннің денеге сіңіп, дерт туғызуын үш кезеңге бөлуге 
болады.
1-кезец.
Токсиннің ішектің микроворсинкаларының сыртқы мембрана- 
сындағы рецепторларымен байланысуы. Токсин молекуласы мен ішек тор- 
шасының рецепторында бір-біріне қүрылысы жағынан сәйкес шартты түрде 
танитын немесе тауып алатын сайттар деп аталатын қүрама бөлігі болады. 
Олардың бір-бірімен қауышуы кальций иондарының қатысуымен болады.
2-кезең.
Торшаға бекітілген токсиннің лимфа мен қанға өтуі. Алдымен 
токсинді пиноциттік везикулалар (көпіршіктер) бойына жинап алады да, ол 
везикулалардың кейбірі липосомолармен бірігіп белоктық заттарды ыдыра- 
тады. Басқа везикулалар торшаның іргесіне қарай ығысып, торшааралық 
кеңістікке токсинді бөліп шығарады. Босаған токсин алдымен лимфаға, одан 
кейін қанға өтеді. Бүл процесс ас қорыту жүйесінің барлық бөліктерінде өтеді.
3-кезец.
Токсиннің шеткері жүйке талшықтарының жұрнақтарына өтуі 
(механизмі толық зерттелген жоқ).
221


Жүйке рецепторларын үздіксіз күшті тітіркендіруден ми қыртысының 
басқару қызметі бүзылады да, шектен тыс қозудың нэтижесінде жүйке тор- 
шалары элсіреп, тіршілік қабілетінен айырылады. Сопақша мидың орталық- 
тарының зақымдануына байланысты жұтқыншақ, тіл, астыңғы жақ салдана- 
ды. Шеткері жүйке жүйесіне токсиннің әсер етуінен синапстарда ацетилхо- 
линнің бөлінуі тежеліп, бүлшық ет-жүйке байланысы бүзылады. іСоның нэ- 
тижесінде түла бойы бүлшық еттері босаңсып, ширақтығы төмендейді. Дене- 
нің қозғалысы нашарлап, жүрек, тыныс алу бұлшық еттері салданып, тыныс- 
тың тоқтауынан жануар өліп тынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет