Дауалау және күресу шаралары.
Шешектің алдын алу үшін ветери-
нариялық-санитариялық шарларды қатаң сақтау қажет. Жаңадан экелінгең
малды карантинде үстап, алысқа айдағанда басқа малмен жанасуына жол бер-
меу керек, шешек егілген адамның 14 күнге дейін малды күтіп, жанасуына
болмайды. Сау емес шаруашылықтағы барлық мал егілуге тиіс.
234
Құс өсіретін шаруашылықтарда жаңадан экелінген құс ЗО күн карантинде
болады.:Қүс экетілгенде босаған қора жай мұқият санитариялык тазалаудан ,
өткізіліп, дезинфекцияланады.
Шешек байқалған қой, ёшкі, түйе, құс өсірілетін шаруашылықтарға ка-
рантин, ал сиыр, шощқа, жылқы және баска мал түліктерін өсіретін щаруа-
-шылықтарға шектеу қойылады:
Ауырған жэне күдікті жануарларды бөліп алыгі емдейді. Юшникалық
түрғыдан сау қой мен ещкіні басқа қораға әкетеді, егер жайылымда болса жа-
йылымын ауыстырады да, шешекке қарсы вакцинамен егеді. Қораны 3% күй-
діргіш ңатрий ерітіндісімен немесе 20% жаңадан сөдірілген эк түнбасымен
дезинфекциялайды. Щешектен өлген қой, ешқі, түйенің өлексесін терісімен,
жүнімен бірге өртейді. Сау емес отардан алынған сүтті 80°С кезінде 30 мин
пастерлеп немесе 5 мин қайнатып шаруашылықтың өзінде ғана пайдаланады.
Аталған түліктердің шешегі байқалған шаруашылықтын төңірегі қатер төңген
аймақ деп есептеліп, індет ошағы жойылғаннан кейін де 3 жыл бойы сақтьіқ
вакциналау жүргізіледі. Сиыр, шошқа, жылқыда шешек байқалғанда індеттің
кең таралу сыңайы болғанда ғана вакцина егеді.
Карантин шешекпен ауырған соңғы қой, ешкі немесе түйе толық жа-
зылған соң, болмаса өлген немесе сойылған соң 20 күң өткенде алыңады.
Карантин. алғанда қорытынды дезинфекция жасалып, жануарлардың үстері
зарарсыздандырылады. Шектеу сиырдың шешегі кезінде 20 күн өткен соң, ал
шощқаның шешегі кезінде 14:күн өткенде, карантинді тоқтатардағы шарггар-
ды орындап барып, алынады.
Қүс шаруашылықтарында шешекке диагноз қойылған жағдайда ауырған
қүсгарды сойып, етін қайнатып содан соң пайдаланады. Барлық жастағы қүс-
тарды экетуге тиым салынады. Сау емес шаруашылықіың жұмыртқасын тек
қана азық-түлікке жаратуға рүқсат етіледі. Егер шешек жаппай етек алатын-
дай болса, барлық қүсты сойган жөн. Ауру шыкпаған шаруашылықта құс
қораларында шартты түрде сау қүстарды түгелдей вакцинамен егеді. Соны-,
мен қатар, қатер төнген аймақтағы барлық құстарды жеке меншіктегісімен
қоса вакдинамен егеді. Қүс қораларды 4% күйдіргііи натрийдің ыстық ерітін-
дісімен, формальдегидтің аэрозольді шашырандысымен, 20% жаңа сөндір-
ілгең әқпен дезинфскциялайды. Мамық пен қауъірсынды 1% күйдіргіщ иа-
трийде езілген 3% форматіьдегидпен зарарсыздандырады. Құстың саңғы-
рығын жинап, көң қоймасында биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады.
Карантинді ауру жойылған соң 2 айдан кейін алады, Оның алдында қүс қора-
ларын мүқият тазартып, дезинфекциялайды. Ересек қүс пен балапандарды
басқа шаруашылықтарға апаруға карантин алынғаң соң 6 ай өткеннен кейін
ғана рұқсат етіледі.
Атаулар мен ұғымдар
Шешек, Variola, Pox, оспа, вакциния, қара шешек, poxvirus, поксвирус-
тар, ортопоксвирустар, Cow orthopoxvirus, Vaccinia orthopox vims, Camel orto-
p o x v iru s, п а р а п о к с в и р у ста р , О р ф в и р у с т а р ы , ав и п о к с в и р у стар , F o w e
235
avipoxvirus, каприпоксвирустар, Sheep caprippoxvirus, Goat capripoxvirus,
лепорипоксвирустар, фиброма вирустары, суипоксвирустар, Shwine poxvirus,
экзантема, розеола, папула, везикула, пустула, круста,” Пашен денеш ігі,Твар-
ниели денешігі, Боллингер денешігі, шешек детрит вакцияасы, аллюминий
сутотықты формолвакцина, аллюминий сутотықты формолглицеринвакцина,
өсіндік вакцина, көгершіннің НД штамм вакцинасы, 27-АШ (Азербайжан
штаммы) вакцинасы.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру-
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерек-
шеліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгеріс-
гер, балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
2. Шешек бөртпесінің даму сатылары қандай?
3. Әр түрлі жануарлар шешегі кезінде карантин-шектеу шараларының
талаптары неліктен бірдей емес?
4. Шешекке қарсы вакциналардың қайсысы Қазақстанда өндіріледі?
Тапсырма
Жоғарыда келтірілген шешекке қатысты атаулар мен ұғымдардың қай-
сысы қай түлікке қатысты, қайсысы барлық мал түліктеріне қатысты екенін
ажыратып, жіктеп қай тілден алынғанын, мағынасы қандай екенін түсінді-
ріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |