Шошцада
(қоздырушысы -
Shwine suipoxvirus
) бірінші белгісі ретінде
денесінің жүні аз жерлерінде (түмсығы, қүлағы, бауыры, санының ішкі жағы)
қаптаған розеолалар пайда болады да, 2-3 күн өткен соң қызғылт жиекті па-
пулаларға айналады. Одан ары везикулаларға айналуы шошқада сирек ұшы-
райды. Әдетте шыққан шешек суланып қолдырамай бірден індеттеген пусту-
лаға ұласады. Пустулалардың түрі сұрғылт, сары ұлпасы өліеттеніп, ,бір-бірі-
мен қосылып ені 2,5 см дейін жетеді. Толарсып кебеді де, қоңыр-қара қа-
быршаққа айналып, 5-8 күн ішіңде сыдырылып түсе бастайды. Орынында
ақтаңдақ пайда болады да, біраздан кейін жоғалып кетеді. Кейбір жануар-
лардың денесі қышынып, жүргенде тәлтіректеп, іші өтеді. Шешек шыққан
кезде дененің ыстығы қайтып, іріңдеген пустулалар паійда болған сәтте,
сонымен бірге, екінші қабат өршігенде температурасы қайтадан көтеріледі.
230
26-сурет. Қойдың ерініндегі цабыргасы тік, іиеті тегіс, ортасы жазыла батсіган шешек
ойылымдары.
Ауру 19-30 күнге, кейде, әдетте шешек қайтадан шыққанда, 45-60 күнге
дейін созылады. Тері мен кілегейлі қабықтарға шешек тұтастай шыққан кезде
ауру асқынып, сэтсіз аяқталады. Әсіресе, қанталаған түрі (қара шешек) зілді
өтіп, өліммен бітеді. Асқынган кезде бронхопневмония, сальмонеллез, стафи-
лакоктардан болатын сепсиис қабаттасуы мүмкін. Ал асқынбаған шешек зіл-
сіз жеңіл өтеді.
Шешек кезінде өлім көтсеткіші, эсіресе, еметін тоғайларда жоғары
болып, 40-80% -ға жетеді. Сиыр шешегінің жэне шешек вакцинасының вирус-
тары қоздырған ауру шошқада өте жеңіл өтеді.
Құстарда
шешекпен тауық, бөдене, қырғауыл ауырады. Тауықта (коз*
дырушысы
- Fowl aviroxvirus)
шешек жэне дифтерия түрінде өтеді. Вкі түрі
аралас кезігуі де мүмкін. Жасырын кезеңі 15-20 күн. Ауырған тауықтың жал-
пы күйі нашарлап, жемге қарамайды. Мекиендердің жұмыртқалауы күрт тө-
мендейді. Айдары мен сырғасында, езуінде, қабағында, кейде баетың кейбір
жерлерінде, мойынында, сирақтарында, кеудесінде, клоакасының төңірегінде
бозғылт түсті дақтар пайда болады. Біраз уақытта шыққан шешектің беті
сұрғылт, қызғылт қабыршақтанып қатаяды да, бір-бірімен қосылып сүйелге
айналады. Қүрғақ тобарсуы 2-3 аптаға созылады. Ауырған тауьщтар бір-
бірінің шешек шықан жерлерін шоқып, инфекцияның қауырт таралуына әсер
етеді.
Дифтериялық түрі кезінде ауыздың, танаудың, көз асты шұңқырларының
кілегейлі қабықтарында шешек дақтары пайда болып, бір бірімен қосылады
да, қабыршаққа айналады. Бұл қабыршақтар көгершінде суланып тез сыды-
рылады. Көбінесе құрғап, жабысып қалады. Әсіресе, тілдің астында және
шеттерінде, мүртында, көмейде болады, тіпті кеңірдекке дейін жайылады. Кө-
бінде көмекей зақымданып, қүстың демі тарылып, мойынын созып, ауызын
ашып дем алады. Жем жеуі қиындайды. Тұмсығынан сұрғылт қоймалжың
сора ағып, тобарсып кеуіп, танауы бітеліп қалады.
27-сурет. Қойдың құрсақ терісіндегі іиешек бөріткендері.
28-сурет. Қойдың еміиегіндегі беті цабыриищтанып, асты тервңге кеткен шегенің
қалпагы тәріздес іиешектіц өліеттенген дацтары.
Дифтериялық зардап көбінесе көзде болады, құстың көзі қызарып, жас
ағады, жарықтан жасқанып, қарай алмайды. Әдетте екі көз бірдей зақым-
данып, үкі бастанып тұрады. Дерт көздің мүйізгек қабығы мен қарашықты да
жайлайды.
Ауру көбінесе созылмалы өтеді. Шешек асқынбаса 5-6 аптада жазылады.
Терідегі түрі зілсіз өтеді. Кейде белгілері аса айқын байкалмауы да мүмкін.
Аурудан жазылған қүс арып, көбінесе соқыр болып қалады. Өлім көрсеткіші
ересек тауықта 10-20%, балапандарда 50-70%-ға дейін жетеді.
Түйеде
(қозырушысы
- Camel orthopoxvirus)
терісі мен кілегейлі қабық-
тары қолдырап, бөріткен шығып, пустулалар пайда болады. Шешек кілегейлі
қабықтарға шыққанда жануардың ауызы мен танауынан бастапқыда мөлдір,
кейінен күңгірг-сары сүйық ағады. Көздің қабақгары, еріндері, танауы ісініп,
кейде бұл процесс жағының асты мен мойынын да қамтиды. Кейбір малдың
көзінің қарашығы күңгірттеніп, уақытша соқыр болып қалады. Теріге түскен
шешек көбінесе ерінде, езуде, мүрын мен көздің айналасында, еркек түйенің
ұмасында, ал інгеннің желінінде, күнтимесінде, шабы мен қолтығында, басқа
да сондай тақыр жерлерінде байқалады. Буаз інгендерде кейде шешекке тэн
белгілер болмай, денесінің ыстығы көтерілігі, іш тастайды немесе ботасын
мезгілінен бүрын шала туады. Туған ботаның терісі мея кілегейлі қабықта-
232
рында шешек болады. Ауырған түйенің, әсіресе ботаның іші өтеді. Ботаның
екі көзі бірдей көрмей қалуы мүмкін. Жалпы бота сезімтал келеді де, 3-7 күн
ішінде өліп қалады. Ересек боталар әдетте 40-45 күн ауырып барып, жазылып
кетеді. Бұл кезде жаңуар тез жүдеп, әлсіреп, аяқтары ісініп, орынынан эзер
түрады. Жазылған шешектің орынында дақ қалады, қабыршағы түскенде
орыны ортайып түрады. Шешек зілсіз өткенде түйе 20 шақты күнде жазылып
кетеді.
Балау.
Диагноз қою үшін індеттанулық деректер, клиникалық зерттеу-
лердің, биосынаманың, шешек алғаш шыққан дерттенген немесе биосынама
қойғанда вирусты енгізген жерден алынған жағындыны микроскоппен қарау-
дың нәтижиелері негізге алынады. Зертханалық зерттеуге ойылып, шеті жиек-
теніп, көмкерілген, дененің шешекке тэн өзгеріске үшыраған жерлерінен
материал алынады.
Шешек кәдімгідей түрде өткенде оны балау қиын емес. Ауырған малды
мұқият тексергенде шешектің эрбір сатысына тэн көріністерді табуға болады.
Жеке жануардың өзінде шешек эр түрлі сатыда болуы мүмкін. Дененің бір
тұсындағы өзгеріс розеола сатысында болса, басқа жерінде папула кездеседі.
Зерттеуге материал алу үшін везикула немесе пустула шыққан жерді
сипап немесе эфирге малынған тампонмен сүртеді. Везикуланың ең түбіне өте
жіңішке созылған Пастер түтігін сүгып сұйықты сорып алады. Пагтулаларды
скальпельмен қырып, қабыршақтарын пинцетпен теріп алады. Алынған
материалдан жағынды жасап, Морозов әдісімен бояп, микроскоппен қарайды.
Гистологиялық зерттеу жүргізеді, бейім жануарларға биосынама қойып неме-
се ұлна өсіндісінде вирусты бөліп алады.
Биосынама мен микроскопияның нәтижесі оң болса, ары қарай қосымша
тексерудің қажеті болмайды. Қосымша тексеру электрондық микроскопия,
иммунофлуоресценция және диффузиялық преципитация эдістерін қолдану
арқылы жүргізіледі.
Ажыратып балау.
Сиырда аусылдан, везикулалық стоматиттен, жем-
шөптен болатын бөріткеныен ажырату керек.
Қойда жүғымтал эктимадан (қара сүйел), қышыма қотырдан, жүқпайтын
экземадан ажыратады.
Емі. Ауырған жануарларды тез арада қүрғақ, жылы қоражайға оқшаулагі,
құнарлы, жеңіл қорытылатын жемшөп береді. Суаратын суға йодты калий
қосады. Қосалқы инфекциялардың асқынбауы үшін антибиотиктер мен
химио-терапевтикалық дэрілер қолданады. Ауруы тым асқынып кеткен малды
соя-ды.
Шешек шыққан сиырдың желінін құрғақ, таза ұстайды. Қабыршақгарын
жібіту үшін стрептоцид майы, синтомицин майы, мырыш майы, бор майы
сияқты бейтарап жақпа майлар қолданылады. Сүтін ақырын сауып алады. Ой-
ылған жерлерін қүрғатып, жэне антисептикалық сұйықтармен (йод түнбасы,
Буров сүйығы) сүртеді. Кілегейлі қабықтарды антисептикалық жэне бырыс-
тыратын ерітінділерімен шаяды.
Басқа мал түліктерін де шешек шыққанда осы тақілеттес емдейді. Тері-
дегі шешек шыққан жерлеріне мырыш, бор, йодоформ жақпа майларын жаға-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: |