Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет161/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Үзікті түрде
шыға бастаған шешек көбеймей, барлық өрбу сатысынан 
өтпестен тез жоғалып кетеді, Жалпы күйі оншама өзгермейді, дененің ыстығы 
да аса көтерілмей ауырған мал тез сауығады.
Тұтасцан түрі
кезінде терінің мол аумағын қамтыған везикулалар бір- 
бірімен қосылып қолдырап түрады. Кейіннен қабыршақтанып, оның астына 
ірің жиналады. Түтасқан шешек кезінде дененің ыстығы жоғарылап, жануар- 
дың жалпы күйі нашарлайды. 
>
Қанталаган,
немесе 
ңара шегиек
кезінде пустулалардың іші імен тері 
қанталап, жануардың танауынан қан кетігі, қан қүсып, ішінен қан өтеді. Мал 
тез арып, өліп кетеді.
Сиырда
шешектің екі түрлі вирусы ауру қоздырады: ібірі -
Cow
orthopoxvirus
сиырдың нағыз шешегін, ал екіншісі 
Vaccina orthopoxvirus
вак- 
сина шешегін, яғни вакцинияны, қоздырады. Вакциния сиырдың нағыз шеше- 
гінен гөрі жеңілірек өтеді. Сиырда шешектің жасырын кезеңі орта есеппен 
5 күндей. Клиника алдындағы кезеңде дененің ыстығы көтеріліп, сауын
228


24-сурет. Түйенің басындагьі иіешектің папула-пустула сатысы.
25-сурет. Шеіиектің цойдагы (1). тсіуъщтагы (2) папула-пустула сатысы.
малдың сүті қайтады. Бұл белгілер ұзаққа созылмаған кезде байқалмауы да 
мүмкін. Әдетте сиырдың желіні мен емшектерінде, ал бұқаның енінде, кейде 
дененің басқа жерлерінде розеолалар пайда болып, біртіндеп везикула, 
крусталарға айналады. Шешектің шығуы мен жетілуі біркелкі болмайды да, 
ауру 2-3 ап-таға созылады. Шешек шығып дерттенген жерлерге іріңдетуші 
бактериялар түсіп, эпидермис пен терінің негізгі қабаты зақымданып, жазыл- 
ғанда қотырланып бітеді. Егер вирус денеге тамшы тозаңмен тыныс жолдары
229


арқылы енсе дерт процесі ауыр өтіп, ішкі ағзаларды, оның ішінде желіннің 
сүт жолдарын, зақымдайды. Бұның нәтижесінде қоздырушы сүтпен бөлінеді’
Қоііда
(қоздырушысы -
Sheep capriopoxvirus
) жасырын кезеңі 7-8 күн. 
Бастапқы клиника алды кезеңінде аз уақытқа дененің ыстығы көтеріліп, сел- 
соқтанып, жемшөпке зауқы болмайды. Көбінесе катарлы конъюнктивит, 
ринит, тері астындағы шелде жалқақ байқалады. Одан кейін көздің қабақтары 
домбығып, көзі мен танауынан сора ағып, денесінің тақыр жерлерінде (шап, 
қолтық, желін, құйрықтың асты, қошқардың ені), басында шешек шыға 
бастайды. Алдымен пайда болған розеола қара қошкылданып, еліеттеніп шеті 
қызарған, ортасы сұрғылт, тығыз келген папулаға айналды. Оның бетіндегі 
эпидермис сыдырылып, астындағы суланып қабынған қызылшақа тері көрі- 
неді.
Кейде папулалар бір-бірімен қосылып, тобарсыған кезде сыдырылып 
түскен қабышақтардың орнында ақтаңдақгар пайда болады. Егер терінің ас- 
тыңғы қабаттары да өліеттенсе, қалың қабыршақтар түзіледі де, 5-6 күн 
немесе одан да ұзақ уақыт өткен соң ғана барып түседі. Ауру 3-4 аптаға созы- 
лады да, зілсіз өткенде негізінен мал жазылып кетеді. Өлім көрсеткіші эдетте
2-3% шамасында. Түтасқан, эсіресе, қанталаған, шешек кезінде ауырған 
малдың өлімі 100% дейін жетуі мүмкін.
Ешкіде
(қоздырушы 
- Goat capripoxvirus)
шешек негізінен індет ретінде 
жіті өтіп, ауырған мал, әсіресе, лақтар 25%-ға дейін өлімге үшырайды. Ауру 
асқынғанда өлім көрсеткіші 80%-ға дейін барады. Әсіресе, Ангор жэне Дон 
ешкілерінде ауыр өтеді. Буаз мал лақ тастап, лақтағандарында желінсау бай- 
қалады. Кейде экзентемасыз эдеттегіден өзгеше өтеді де, дерт өкпеге шауып, 
өлімге экеп соғады. Өлексені сойғанда өкгіеде бауыр түстес сүрғылт бронхо- 
пневония ошақтары кездеседі. Енесін еміп жүрген лақтар, егер туғаннан кейін 
жүқса, ауру әдеттегіден басқаша өтіп, шешек ауыздың, үлтабардың кілегейлі 
қабығына шығады. Ауырған лақ жөтеліп, тынысы жиілеп, танауынан ірің ара- 
лас сора ағады, біраз уақыт өткен соң ауызы мен танауының айналасында 
қабыршақтар пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет