Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет166/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Індеттік ерекшеліктері. 
Трихофитиямен барлық мал түліктері, құстар, 
терісі бағалы аңдар, тышқан, егеуқұйрық, жабайы аңдар ауырадыГ Жас жа- 
нуарлардың сезімталдығы жоғары болады да, ауруға тез шалдығып, клини- 
касы көбінесе асқынған түрде кездеседі. Ауру жылдың барлық мезгілдерінде 
кездессе де, қыста жиі байқалады. Оның себебі - бұл маусымда малдың кү- 
тімінің нашарлауы жэне күн сэулесінің ауру қоздырушысына әсерінің төмен- 
деуі. Іңдеттің қаулауына жануарлардың тоитастырылуы күш іі эсер етеді. Жас 
төлдерді енесінен бөлу жэне жеке табындарға топтау, сырт жерден мал экелу 
аурудың қаулауына қолайлы жағдай туғызады.
Ауру қоздырушысының негізгі бастауы - ауырған жануарлар. Олардан 
инфекция тікелей жанасу немесе эр түрлі заттар арқылы берілёді. Аурудың 
таралуына тышқан түқымдас кемірушілер де себепкер болады. Қоздырушы- 
ның сыртқы ортада өте төзімді болуы, оның қора-жайда, мал жүретін алаң- 
дарда, жайылымда ұзақ сақталып, ауырған мал болмаған кездің озінде эр түр- 
лі заттар, әсіресе көң мен топырақ арқылы аурудың қайтадан таралуына се- 
бепкер болады.
Дерттенуі. 
Трихофитондар тері мен жүннің эпидермисінің мүйізді қаба- 
тында болатын ақзат - кератинге эуес болады. Бүл микроб эр түрлі гоксиндер 
мен кератинді ыдырататын ферменттер бөліп шығарады. Олар терінің мүйізді 
қабатын жұмсартып, қабыну процесін тудырады. Өзіне сэтгі жағдайда қоз- 
дыруіпы жүннің фоликуласына өтіп, кутикуланы, жүинің ішкі қынабын бүл- 
діреді. Бүның нәтижесінде жүн талшығының қорегі бүзылыгі, онын түсігг 
қалуына экеп соғады. Зақымданған жердё гиперкеротоз өрбиді.' Қабыну реак- 
циясының дэрежесі қоздырушының уыттылығына, терінің жэне жалпы орга- 
низімнің жағдайына байланысты болады. Қоздырушы терінің негізгі қабаты 
дермаға өтіп, онда қабыну реакциясын гудырып, микроабсцессалардың пайда 
болуы мүмкін.
Қабынған тері кышып, жануар үйкеніп, қоздырушыны денесінің басқа 
жерлеріне де енуіне жағдай жасайды. Микроб қан мен сөл арқылы да тарап 
өсіп-өнген жерлерінде көптеген дерт ошақтарын тудырады. Бүндай жағдайда 
зат алмасуы бұзылып, жануар арықтап кётёді. Клиникалық белгілёрі айқын
237


білінген қезде аллергиялық реакция өрбіп, одан соң қан сарысуында телімді 
антиденелер пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет