Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет168/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Иммунитет
Ауырып жазылған жануарларда қуатты белсенді иммунитет 
қалыптасады. Олар трихофитиямен сирек жағдайда ғана қайтадан ауырады.
Өзіне тэн дауалық және емдік мақсатпен А’Х. Саркисов жэне басқалар 
(1971) ұсынған мынандай вакциналар қолданылады: сиырға - ЛТФ-130, ЛТФ- 
130 
К, 
жылқыға - СП-1, қойға - трихоовис, терісі бағалы андар мен үй қоя- 
нына - ментовак, түйеге - камелвак. Дауалық мақсатпен бүзауларды бір 
айлық, қүлындарды үш айлық кезінде егеді. Вакцинаны бүлшық етке бір 
орынға екі рет 10-14 күн аралатып жібереді. Бүзауда иммунитет еккеннен соң
239


21-30 күн өткенде қалыптасып, 8-10 жылға дейін сақталады, жылқыда - 6 
жыл, үй қояны мен терісі бағалы аңдарда 3 жылдан артық мёрзімге созылады.
29-сурет. Трихофитияның денені жайлаган терең түрі.
Дауалау және күресу шаралары. 
Трихофитияның жалпы дауасы мал 
фермасында встеринариялық-санитариялык ережелерді сақтау, малды дұрыс 
күтІп, азықтандыру, қора жайда ретті түрде дезинфекция, дератизация жұмыс- 
тарын жүргізуге саяды. Шаруашылыққа сырттан әкелінген мал 30 күн дауа- 
лық карантинде ұсталуы қажет. Оқшауханадан шығарар алдында ондай жа- 
нуарлардың үстін 2% тотияйын, күйдіргіш наірий немесе басқа дезинфек- 
тантпен шылау керек. Аурудың алдын алу мақсатымен жемге, қосып гризео- 
фульвин, метионинді күкірт береді.
Сау емес шаруашылықтарда трихофитияны болдырмау үшін бейім жа- 
нуарларды арнайы вакцинамен егеді.
А)фу шыға қалған жағдайда шаруашылықты сау емес деп жариялап, 
жануарларды бір табыннан екінші табынғаіауыстыруға тиым салады. Ауыр- 
ған малды оқшаулап, емдейді. Қалғандарына вакцина егіп, ауруға шалдық- 
қандарын уақыттылы бөліп алу мақсатымен әрбір 5 күн өткен сайын дәрі- 
герлік бақылаудан өткізеді. Жаңадан ауырған малды бөліп алған кезде, бірден 
қора-жайға дезинфекция жасалады. Ағымдағы дезинфекция Ю.күн сайын 1% 
сілті жэңе 5% формальдегидтің қоспасымен 10% карболды күкірт қышқы- 
лымен, формалин-керосин эмулъсиясымен (10 бөлігі формалин, 10 бөлігі 
керосин, 5 бөлігі креолин, 75 бөлігі су) жасайды. Сонымен қатар, құрал- 
сайман, жұмыс киімі зарарсыздандырылады. Шаруашылық соңғы ауырған 
мал жазылған соң 15 күн өткенде, қорытынды дезинфекция жасап барып, сау 
деп есептеледі.
240


Атаулар мен ұғымдар
Тихофития, Trichophytia, дерматомикоздар, микроспория, қысаға, стри- 
гущий лишай, Trichophyton verrucosum, Trichophyton equinum, Trichophyton 
sarkisovi, Trichophyton mentagrophytes, ЛТФ-130 вакцинасы, ЛТФ-130 K 
вакцинасы, СП-1 вакцинасы, трихоовис вакцинасы, ментовак, камелвак.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мэліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерек- 
шеліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгеріс- 
тер, балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
2. Трихофитияның клиникалық байқалуының жыл маусымымен бай- 
ланысының себебі неде?
3. Әр түрлі жануарлар үшін трихофитияға қарсы неліктен эр түрлі вак- 
циналар қолданылады?
Тапсырма
Жүн талшығының микроскоппен көрінетін эрбір қабатын сызып көр- 
сетіп, трихофития кезінде қайсысы қалай зақымданатынын, ауру қоздырушы- 
сының қалай орналасатынын көрсетіп, түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет