жағындыда үймелеп, топтасып, кейде жеке дара
немесе жұптаньш орнала-
сады. Жасанды қоректік ортада баяу өседі де, өсінді шоғыры '15-120 күн өт-
кенде пайда болады. Кэдімгі қоректік орталарда өспейді. Өсіру үшін арнайы
Дюбо-Смиттің
өзгертілген казеин ортасы, Данкин, Ренжер, Лоң, Генгли
қоректік орталары пайдаланылады. Сұйык ортада өсірілгенде ауру жүққан
малда аллергиялық реакция беретін улы зат паратуберкулин. немесе йонин
пайда болады. Паратуберкулездің микобактериясы
зертханалық жануарлар
үшін зардапсыз.
Төзімділігі.
Солманың микробы сыртқы орта мен дезинфектанттардың
эсеріне айтарлықтай төзімді. Топырақ пен көңде 10-12 ай, жемшөп пен суда 8-
10 ай сақталады. 85°С кезінде 5 мин., жабық ыдыста қыздырылған сүтте 63°С
кезінде 30 мин., 80°С кезінде 1-5 мин. өткенде өледі. Күн сэулесі 10 айда
жояды. Кейбір туберкулезге қарсы қолданылатын : синтетикалық :қоспалар,
сульфаниламидтер мен антибиотиктер паратуберкулездің қоздырушысын
өлтіре алмайды, тек қана (in vitro) өсуін тоқтатады. Бүл микроб үшін ең се-
німді дезинфектант формальдегидтің 3% сілтідегі (3% күйдіргіш натрий) ері-
тіндісі, 20% жаңадан сөндірілген эк, 1:500 езілген алмас (сулема), ксило-
нафтың 5% эмульсиясы болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: