Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет188/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер 
қой мен сиырда ұқсас келеді. 
Жатыр домбығып, жатыр мүйіздері қабынады, корункулалар үлкейіп, сула- 
нып, төлдің қабығынан жеңіл бөлінеді. Шу ісініп, бетінде сумен тез шайы- 
латын ірімтікті сарғыш қоймалжың сұйық болады. Кейде өліеттенген, қанта- 
лаған, кальцийленіп қатайған, бір-біріне жабысқан телімдері болады. Іріңді 
қоймалжың жалқақ төлдің денесінде де болуы мүмкін.
Тастанды төлдің терісі, тері асты шелі, кейбір бұлшық еттері мен ішкі 
ағзалары қабынады. Тіліп қарағанда тері мен оның шелінің шектен тыс қа- 
лыңдағаны байқалады. Көкірек, құрсақ, жүрек айналасы қуыстарында қанды 
сарысу іркіліп, ағзалар мен қуыстарда фибринді шөгінділер болады. Төлдің 
ұлтабарының ішіндегісі сұйылып, лайланып, ірімтіктеніп түрады. Бауырында 
сүрғылт-сары өліеттенген телімдер болады. Кейбір төлдер қатып-семіп қа- 
лады.
Құстың ішегінде катарлы қабыну, бауырында өліеттенген телімдер кез- 
деседі.
Балау 
клиникалық-індеттанулық деректерді талдауға, зертханалық зерт- 
теулердің нэтижелеріне негізделген. Қойдың іш тастауы, сиырдың қайта-қай- 
та күйлеп, қысыр қалуы, төлдің элжуаз болып тууы кампилобактериозға күдік 
тудырады. Диагнозды айқындау үшін зертханалық, ең алдымен бактериоло- 
гиялық, тексеру жүргізу керек. Тексеру үшін зертханаға аналық малдан 
тастанды төлді немесе оның ұлтабарын, бауырын өт қабымен қоса, өкпесін, 
басын, шуды немесе оның кесіндісін іш тастаудан кейін бір тәуліктен асыр- 
май, жатыр мойынынан аққан бөліндіні іш тастаудан кейінгі 3-4 тәулік 
ішінде, бұқадан күпегінен бөлінген қоймалжың сұйықты, шэуетін жібереді. 
Егер балаулық мақсатпен сойылған мал болса оның жатьгрын, қынабын, 
жамбас қуысындағы сөл түйіндерін алады. Зерттеуге алынатын материалдар 
зертханаға бітеу ыдысқа мұзбен қоса салынып, кісі арқылы жіберіледі. Бөлі- 
ніп алынған микроб өсіндісін қоздырушының өсіндік, биохимиялық, анти- 
гендік, зардаптылық қасиеттері бойынша анықтайды.
260


Кампилобактериозға жаппай жалпы тексеру үшін сиырда қынап сүйы- 
ғымен агглютинация реакциясын (ҚСАР), ал қойда қан сарысуымен агглю- 
тинация реакциясын (АР) қояды. Сонымен қатар, люминисценциялық ісеро- 
логиялық эдіс қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет