Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет189/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Ажыратып балау 
үшін клиникалық белгілері кампилобактериозға ұқсас 
бруцеллез бен трихомонозға баса назар аударады. Бруцеллез кезінде өте ерте 
іш тастау сирек ұшырасады, негізінен құнажындар іш тастайды. Трихомоноз 
кезінде тек қана еріе іш тастау байқалады да, сиыр іріңді метритке шалды- 
ғады. Бұл екі ауру кезінде мал іш тастау салдарынан қысыр қалса, кампило- 
бактериоз кезінде алғаш рет ұрықтандырылған құнажын бедеулікке ұшы- 
райды.
Кампилобактериозға күдіқ тудырған қойдың сальмонеллез бен хламидия- 
лық іш тастауға қандай дэрежеде бейім екендігін тексеру қажет.
Емі. 
Ауырған бұқаға әрқайсысы 4 күннен, арасында 5-6 күн үзіліс жасап, 
2 курс ем жасайды. 1-курста үрпектің ішін антисептикалық ерітіндімен жуыгі, 
50-60 мл балық немесе есімдік майына эрқайсысы 1 млн. ӘБ пенициллин мен 
стрептомицин қосып жағады. Сонымен қатар, бұл антибиотиктерді Ікг дене 
массасына 4000 ӘБ есебімен бүлшық етке тэулігіне 2 рет жібереді. 2-к)фста 
бүлшық етке 5000 ӘБ/кг окситетрациклинді тәулігіне 2 реттен. ;үрпек ішіне 
фуразолидонның 5%-ды эмульсиясын қосу арқылы жібереді.
Сиырлар мен күнажындарға 4 күн қатарынан жатыр ішіне Імлн. ӘБ 
пенициллин мен стептомицин, ал бұлшық етке 4000 ӘБ/кг стрептомицин 
жібереді.
Қойды дибиомицин немесе бициллинмен (бициллин-3, бициллин-5), 
пенициллинмен, стрептомицинмен емдейді. Антибиотиктерді жатыр ішіне 3-5 
күн қатарынан күн сайын 20 мл стерильді майға қосып 2 млн. ӘБ мел-шерінде 
жібереді. Сонымен қатар, бүлшық ётіне күніне 2 рет 4 тэулік бойы 4000 ӘБ/кг 
стрептомицин немесе окситетрациклин береді.
Иммунитет 
қойда айқын байқалады. Бір ауырғаң қой қайтадан өте сирек 
ауырады. Қойды иммундеу үшін өлтірілген эмульсин вакцина қолданылады. 
Сиырда иммунитет элсіз қалыптасады.
Дауалау және күресу шаралары. 
Асыл тұқымды мал, әсіресе, бұка 
сатып алғанда тек қана кампилобактериоздан сау шаруашылықтан әкелу ке- 
рек. Карантинге ұстаған кезде 10 күн аралатып, 3 рет бактериологиялық тек- 
серуден өткізеді. Қолдан үрықтандыру станциясындағы бұқаларды 6 айда бір 
рет кампилобактериозға тексереді, ал шэуетіне антибиотиктер қосады.
Ауру шыға қалғанда үрықтандыру станциясын (малды асылдандыру 
мекемесін) шаруашылықты (ферманы, табынды) кампилобактериоздан сау 
емес деп жариялап, тиісті шаралар жүргізіледі. Малды экелуге, экетуге тиым 
салып, төлді окдіаулап үстайды.
Ауру белгісі бар сиыр, құнажын, бұқаларды емдейді. 1ш тастаған малды 
оқшаулайды. Қораны 2% формальдегид, күйдіргіш натрий ерітінділерімен 
дезинфекциялайды. Көңді биотермиялык эдіспен зарарсыздандырады.
Қойдың кампилобактериозы кезінде іш тастаған малды оқшаулап, ем- 
дейді. Қалғандары н басқа ж айы лы м ға әкетеді. Бүры нғы ж айы лы м ды 2 ай
261


өткен соң ғана пайдалануға болады. Сау емес отарда күйекке қосылатын қош- 
қарлардың бұлшық етіне 4 тэулік бойы күніне 2 реттен, әрқайсысы 4000 
ӘБ/кг пенициллин мен стрептомицин жібереді.
Атаулар мен ұғымдар
Кампилобактериоз, Campylobacteriosis, Campylobacter fetus, C.fetus subsp. 
fetus, C.fetus subsp.intestinalis, C.fetus subsp.jejuni, Campylobacter sputorum
Campylobacter fecalis.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мэліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
Тапсырма
Кампилобактериоз кезінде ересек жануарларда жыныс ағзаларының 
зақымданып, іш тастауының, төлде іші өтіп ауруының клиникалық сипаттама- 
сын беріп, соған сәйкес емдеу жолдарын көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет