Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет185/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

C.fetus substp. Jejuni 
-
бұзау 
мен қозыда іш өту арқылы байқалатын жэне құста болатын .кампилобак- 
териоздың қоздырушысы, ;ол адамға да жұғады. 
C.sputorum 
-
шошқа үшін 
зардапты. 
C.fecalis 
-
ішек кампилобактері деп аталады, ол жануарлардың 
ішегінде болады да, нэжіс арқылы бөлініп шығады.
257


Кампилобактерлер жіңішке, ирек келген спора түзбейтін жуандығы 0,2- 
0,8 мкм, ұзындығы 0,5-5 мкм микроб. Иректігі бір немесе бірнеше орам 
болып, кейде ұзындығы 8 мкм жетеді. Қозғалмалы, бүрғы тэрізді қозғалады. 
Денесінің бір немесе екі шетінде бір-бірден жіпшесі болады. Жіпшесі клет- 
каның өзінен 2-3 есе ұзын болуы мүмкін. Грам теріс.
Кампилобактерлер ауаның 10-15%-ын көмірқышқыл газымен алмастыр- 
ған жағдайда өседі. Микроб үшін қолайлысы қоймалжың жэне тығыз қоректік 
орталар: қоймалжың 0,15-0,2% ет пептон бауыр агары, тығыз 2-3% ет пептон- 
бауыр агары, майы жоқ Китт-Тароцци ортасы, Мартен агары. Ортаның қорек- 
тік қасиетін арттыру үшін оған 5-10% дефибринделген сиыр, қой, қоян қанын 
немесе жылқы қан сарысуын, ферментацйяланған гидролизин, амидопептид- 
2, құрғақ дрождардың экстракты қосылады. Қоймалжың агарға еккенде 36-48 
сағ. өткенде қоректік ортаның бетінде сұрғылт-көгілдір сақина ііайда болады. 
Газ түзілмейді, орта лайланбайды. Тығыз ортада қоздырушы 72-96 сағ. соң 
өсе береді.
Төзімділігі. 
Зардапты кампилобактерлердің сыртқы ортада төзімділігі 
төмен. Суда, көңде, топырақта, шөпте 6-20°С-де 10-20 күнде, карындағы 
жында, тастанды төлде, шудың кателедондарында 20-50 күнде өледі. Жоғары 
температураға, антибиотиктерге сезімтал. Фенолдың, креолиннің, формалин- 
нің 2% ерітіндісі 3 сек, күйдіргіш натрийдің ондай ерітіндісі 1-2 мин. өлтіреді, 
ал калий перманганатының 1:1000 ерітіндісі тек 30-40 мин. өткенде өлтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет