Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет186/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Індеттік ерекшеліктері. 
Табиғи жағдайда кампилобактериозбен сиыр 
жэне қой ауырады, сонымен қатар, шошқа да бейім. Бұл сүтқор.ектілерде 
жыныс мүшелері зақымданып, іш тастау жэне уақытша бедеулік арқылы 
байқалады. Ауруға тауық та шалдығады, негізгі белгілері: бройлерлер салмақ 
қосуын азайтады, мекиендердің жүмыртқалауы төмендейді, ал балапандардың 
өлімі көбейеді.
Кампилобактериоз барлық елдерде кездеседі. Жылдың барлық маусы- 
мында байқалса да, негізінен қыстама уақытында күзгі-қысқы мезгілде белең 
алады. Ауру қоздырушысының бастауы ірі қарада негізінен бұқалар. Олар 
ауруға шалдыға қалғанда өте үзақ уақыт, өмір бойы дерлік, микроб алып 
жүреді. Қоздырушы үрпінде, күпегінде, енінде, еннің шылауында сақталады 
да, шәуетпен, күпектің сорасымен бөлініп шығады. Сонымен қатар, іауырған 
сиыр және құнажындар да 3-10 ай бойы жыныс мүшелерінен шыққан бө- 
лінділер, сүт жэне несеп арқылы, іш тастағанда піу жэне шарана арқылы 
сыртқы ортаға микроб таратады.
Ауру қоздырушысы негізінен жыныстық жолмен шағылысқанда жэне 
қолдан үрықтандырғанда беріледі. Ластанған төсеніш арқылы микроб сиыр- 
дың қынабына түсуі мүмкін. Залалсыздандырылмаған акушерлік құралдар, 
жүмыс киімі т.б. арқылы да ауру берілуі мүмкін. ¥рықтандырылмаған қашар- 
лар, тіпті бұзаулар да кампилобактериозға шалдығады. Б ү л 'қоздырушының 
алиментарлық жолмен берілуінің нэтижесі. Сау шаруашылықтарға :індет 
ауырған малмен немесе ауру бұқаның шэуетімен келеді.
Қойда
кампилобактериоз қоздырушысының бастауы - іш тастаған сау- 
лықтар болады. Олар 1-1,5 жыл бойы микроб бөліп шығарады. А уру шара-
258


намен, сарпайдан аққан бөлінділермен ластанған жемшөп, су арқылы алимен- 
тарлық жолмен жүғады. Қошқарлардың ауру таратуда қандай рөл атқаратыны 
дэлелденген жоқ. Қойға кампилобактериоз сау шаруашылықтарға ауру мал- 
мен келеді.
Індеттанулық талдау кезінде жыныс жүйесі реттілігінін бұзылуіыңа., ;мал- 
дың уақтылы ұрықтанбай, қайталап күйлеуіңе, уақытша бедеу мал санының 
көбеюіне аса көңіл бөлінеді.
Дерттенуі. 
Сиырға ауру жыныстық жолмен жүққанда қоздырушы қынап- 
та жылдам өсіп-өніп, 3-4 күнде жатырға өтеді де, 10-15 күнде жатыр ;түтігіне, 
сирек жағдайда 20-30 күнде аналық безге жетеді. Микроб бөлетін токсин- 
дердің әсерінен қынап пен жатырдың кілегейлі қабығы кабыныіт, үрықтану 
элсірейді, үрықтанған аналық клетка сақталмайды, немесе өсе бастаған ұрық 
өліп қалады. Бүл жағдай 3-6 айға созылған уақытша бедеулікке соқтырады.
Ауру 3-4 айдай жіті өтіп, содаң соң қабыну процесі тежеліп, өше бас- 
тайды. Бұнымен қабат иммунитет қалыптаса бастайды да, организм ауру 
қоздырушысынан арылады. Камплобактерлердің зардаптылығы төмен бол- 
ғанда үрық қабына өтеді. Бүдан барып қабыну процесі басталып, плаценталық 
қан айналымы бүзылады. Микроб төлдін қарынына, бауырына, миына өтіп
улап, өлімге әкеп соғады. Содан барып жетіліп қалған төл іш тасталынады 
немесе шала жансар туады да, бірер күңде өліп қалады.
Қойға алиментарлық жолмен енген ауру қоздырушысы ішектен 3 күн 
ішінде қанға өтеді де, аз уақыт бактериемиядан кейін буаз :жатырда, үрықта, 
плацентада орын тебеді. Қабыну, өліеттену процесі негізінде іш тасталынады. 
Аурудың жұғуына буаздықтың соңғы жартысындағы саулықтар ғана сезімтал 
келеді. Қосалқы микробтардың қабаттасуынан ауру асқынып,, саулықтың өзі 
де өліп қалуы жиі байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет