Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет197/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі 2-4 апта, кейде 
4-6
айға 
созылады. Ауру аса жіті, жіті, жітіден төмен, созылмалы жэне кэдімгідей емес 
түрде өтеді.
Аса жіті
өткен кезде өкпе мен оның пердесі күшті зақымданып, зкссу- 
дативтік плеврит пен пневмонияның белгілері білінеді. Тыныс алу қиындап, 
жөтел пайда болады. Денесінің ыстығы 41°С-тан асады. Ауырған мал жем- 
шөпке қарамайды, күйістен қалады, іші өтеді, 2-8 күн ішінде өледі.
Жіті
өткенде ауру бастапқыда жөтелмен қатар дененің қызуының аздап 
жоғарьілауы арқылы байқалады. Одан кейін дененің ыстығы 42°С-қа дейін 
көтеріліп, эдетте төмендемейді, кейде айнымаиы түрде байқалады. Ауырған 
мап козғалмауға тырысып, алдыңғы аяқтарын алшақ ұстап, мойынын созып, 
арқасын бүгіп, ауызын ашып түрады. Тынысы тарылып, қабырғаларының ара- 
сын, арқасын басқанда ауырсынады, жүрек соғысы дүрсілдеп, тамыры баяу 
соғады. Сауын малдың сүті қайтады. Жөтел басында қүрғақ, қысқа, қатты, 
кейіннен дыбысы бэсең, ылғалды болады. Перкуссия жасағанда дыбыс тө- 
мендеп, аускультация кезінде тыныс есгілмейді. Плевра зақымданса үйкелген 
дыбыс шығады. Өкпеде каверналық қуыс болса тамшының тамған дыбысы 
естіледі.
Өкпенің негізінен біреуі ғана, кейде екі өкпе де қабынады. Сора танау- 
дың екі тесігінен бірдей ағады,
Кеуденің төменгі тұсы мен сирақтары домбығады. Іштің қатуы мен өтуі 
алма кезек байқапады. Ауырған мал 2-4 аптада өледі. Өлім көрсеткіші 70%-ға 
жетеді. Кейде процесс жітіден төмен, не созылмалы түрге ауысады. Әдетте 
ауырған мал толық сауықпайды.
Жітіден төмен
өткен аурудың барлық клиникаиық белгілері айқын 
байқалады. Ауырған мал сирек жөтеледі, іші өтіп, ыстығы көтеріледі.
Созылмалы
өткен кезде мал арықтайды, жөтеліп, оқтын-оқтын іші өтеді. 
Перкуссия мен аускультация арқылы өкпеде секвестр қуыстарын байқауға 
болады. Жөтелген кезде іріңді ірімтіктер шашырайды. Кейде төсінде, эуке- 
сінде, сирақтарында домбығу байқалады. Ауру бірнеше айға созылады, көбі- 
несе ауырған мал өліп қалады, не пышаққа ілінеді.
Аурудың 
кәдімгідей емес
түрінде мапдың аз уақыт ыстығы көтеріліп, 
селқостанып, жемшөп жеуі нашарлайды. Оқтын-оқтын жөтеліп қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет