10.5. Сиырдың жүғымтал плевропневмониясы Сиырдың жүғымтал плеврогіневмониясы (мәлік, ала өкпе,
Pleuropne umonia contagiosa bovum, повальное воспаление легких крупного рогатого
скота) - өкпенің беріштеніп қабынуы, экссудативті плеврит арқылы ерекше-
ленетін аса жүғымтал ауру.
Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет Буржел (1765) сипаттады, ал оның
жүқііалы екендігін Хаберст (1792) дәлелдеді. Виллемс (1850-1852) ауырған
сиырдың өкпесіндегі сөлді сау сиырды иммундеу үшін пайдалануға болатын-
дығын көрсетті. Қоздырушысын француз ғалымдары Нокар мен Ғу (1898)
ашып, сүзгіден өтіп кететін плевропневмотропты микроб ретінде сипаттады.
Өткен ғасырдың соңы мен осы ғасырдың басында мэлік дүниежүзінде
кең тарады, ал қазір бүл ауру көптеген елде жойылдьі. Сөйтседе, Африка және
Азия едерінде элі де болса кезігеді, ал кейбір Европа елдерінде оқтын-оқтын
байқалып қалады. Бүрынғы Кеңес Одағында ауру 1928 ж. жойьшды деп
есептеледі.
Қ озды руш ы сы -
Mycoplasma mycoides var. mycoides микроорганизм-
дердің жүйеленуі бойынша
Molicutes класының
Mycoplasmatales қатарына
жатады. Аса полиморфты дөңгелек, сопақша таяқша, бүршіктенген түрде
болады. Үлкендігі 0,2-0,8 мкм, бактериологиялық сүзгілерден өтіп кетеді. По-
лиморфтылық және сүзілгіштік қасиеті мықты торша қабырғасы болмай,
оның орнында үш қабатты цитоплазмалық мембрананың болуынан. Қоз-
дырушы аурудың асқынған кезеңінде экссудат пен ішкі ағзалардан оңай бө-
лінеді, қан сарысуы мен ашытқы экстрактары қосылған Мартен сорпасында
өседі. Микошіазмалар химиялық жэне физикалық эсерлерге төзімсіз. Күн
сәулесінен немесе ауада кептіруден 5 сағ., 58°С температурада 1 сағ. ішінде
өледі. Кэдімгі дезинфектанттар эдеттегі концентрациясында қапысыз зарар-
сыздандырады. Сонымен қатар, микроб кейбір жағдайда үзақ сақталады.
Щіріген материалда 9 күн, суықта қатырылған өкпенің кесіндісінде жыл бойы
тіршілігін жоймайды. Лиофильдік жағдайда кептірілген микоплазманың уыт-
тылық қуаты 5 жылға жетеді.