Оқулық. Алматы, 518 бет


Індеттік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет196/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

267


Індеттік ерекшеліктері. 
Сиырдың жүғымтал плевропневмониясымен та- 
биғи жағдайда сиырдан басқа буйвол, қодас, бизон, енеке (зебу) ауырады. 
Қолдан қойға, ешкіге, түйеге, солтүстік бұғысына жұқтыруға болады.
Ауру малдың сөлін тері астына жіберсе сол жердегі шелде жайылған 
флегмоналық қабыну байқалады. Маңындағы сөл безі зақымданып, организм 
тұтастай уланады. Жұқтырылған бұзау 15-17 күнде өледі. Егер материалды 
(сөлді) құйрықтың ұшындағы тері астына жіберсе, аздаған ғана орны шек- 
телген реакция байқалады. Кейде өліеттеніп, малдың қүйрығы түсіп қалады, 
асқынып кетсе тіпті өлімге соқтырады. Жұқтырудың басқа жолдары (көк 
тамырға, кеңірдекке, өкпеге, жеммен бірге) мэлікке тэн құбылыстар бермейді. 
Плевра ішіне жұқтыру өкпені зақымдамай экссудативтік плеврит тудырады. 
Шово мен Нокар ауруды қолдан жүқтыру үшін ауру сиыр мен сау сиырдың 
түмсықтарын қап арқылы қосарлап тұмшалап оң нәтижеге жеткен болатын.
Жұқпалы плевропневмония кезінде ауру қоздырушысының бастауы 
ауырған мал. Әсіресе, созылмалы түрде ауырған мал аса қауіпті, өйгкені 
ондай жағдайда аурудың көзге түскен белгілері байқалмайды. Ауру ауырған 
мал мен сау малды бірге ұстағанда жұғады. Бұл үшін аз уақыт жанасудың өзі 
жеткілікті.
Ауру малдың денесінен қоздырушы танаудан аққан сора, жөтелген кез- 
дегі шашыраған сұйықтық, ара-тұра несеп, сүт, шарана арқылы бөлініп шыға- 
ды. Аурудың берілуінің ең ықтимал мүмкіндігі респираторлық жолмен жү- 
ғуы. Жұқпалы плевропневмонияның микоплазмасы өкпенің беріштенген 
ошақтарында жылдан аса уақыт сақталады. Аурудың асқынуы микробтың 
сыртқы ортаға бөлінуіне себеп болады.
Сиырдың мэлікке бейімділігі эр өлкеде эр түрлі болуы заңды қүбылыс. 
Ауру үзақ уақыт жайлаған аймақта жергілікті малдың оған төзімділігі жоғары 
болады. Ал сырттан әкелінген мал тез ауырады. Табындағы мал түгелдей 
ауырмайды, олардың бір бөлігінде ауру жүққан кезде тек қана ыстығы 
көтеріліп, серологиялық оң реакция байқалады да, өкпесі зақымданбайды.
Жүқпалы плевропневмония індеті баяу өрбіп, бірнеше жылдарға созы- 
лады. Малдан малға жүғуы тығыз, нашар желдетілетін қорада тезірек өтеді. 
Ауруға шалдығу көрсеткіші 70%, ал өлім көрсеткіші 20%-ға жетеді.
Дерттенуі. 
Мэліктің қоздырушысы жануар денесіне тыныс жолдары 
арқылы еніп, ұсақ бронхалардың бойында орын тебеді. Орналасқан жерінде 
қабыну процесін тудырып, өкпедегі бөлікше аралық дэнекер ұлпаны зақым- 
дап, оны домбықтырады. Сөл тамырлары бітеліп, нәтижесінде крупозды пнев- 
мония өрбіп, осы ауруға тэн өкпенің бауырлану процесінің эр түрлі ста- 
диялары байқалады.
Қабыну, қан жэне сөл тамырларының бітелуі нэтижесінде өкпенің за- 
қымданған бөлігінің анемиялық өліеттенуі байқалады. Бүл процесс кеуде 
аралық жэне бронхалық сөл түйіндерін жэне өкпе пердесі - плевраны қам- 
тиды. Одан кейін өліеттенген телімдердің айналасында дэнекер үлпадан қү- 
ралған қабыршақ түзіледі де, секвестрлер пайда болады. Олардың ішінде ауру 
қозды руш ы сы үзақ уақы т сақталады да, қабы рш ақты ң бүтіндігі бұзы лса
268


айналадағы cay ұлпаға өтіп, өкпенің сау бөліктерін қабынуға ұшыратады. 
Баяу гиигі сезімталдык, дсрі гің өрбуінде біршама 
маңызды 
рел атқарады.
Жүқпалы плевропневмониямен ауырған малдың айығуы ұзаққа. созылып, 
толықтай жазыльш кешейді. -Сөл тамырларының. қабынуы мен бііслуі экс- 
судаттың сіңірілуіне бөгет жасайды. Қоздырушысының қанға түсуі бірқатар 
ішкі мүшелерді (бауыр, бүйрек, жүрек) дегенеративтік өзгерістерге ұшыра- 
тады. * 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет