Ажыратып балау. Мэлікті пастереллезден, туберкулезден, парагрипп-
тен,
эхинококкоздан,
жұқпайтын крупозды пневмониядан, жарақатты
перикардиттен ажырату керек.
Пастереллез көкіректегі түрімен қатар ішектегі түрінде өтеді. Пастерел-
лез кезінде өкпенің қабынуы қауырт, жіті өтеді. Түпкілікті балау бактерись
логиялық зерттеу арқылы айқындалады.
Туберкулез баяу өрбиді. Өкпеден басқа сирек болса да желін, жыныс мү-
шелері зақымданады. Ажырату үшін туберкулин сынамасы мен бактерио-
логиялық тексеру жүргізіледі.
Парагрипп негізінен жас төлде кездеседі, жіті өтіп, жасырын кезеңі өте
қысқа (1-2 тэулік) болады. Айқындау үшін серологиялық және вирусология-
лық зерттеу эдістері қолданылады.
Эхинококкоз өкпені зақымдағанымен плевра таза болады. Эхинококкозға
арналған аллергиялық сынама оң нәтиже береді.
Жарақатты перикардит жекелеген жануарларда ғана байқалады. Төсін,
жүрек түсын басқанда ауырсынады. Сойғанда бөгде зат шығады, дүңгіршек
қарын мен диафрагма бір-біріне жабысып қалады.
Жүқпайтын крупозды пневмония эдетте жіті өтіп, малды жаппай қам-
тымайды, өкпеде секвестрлер болмайды.
Емі. Ауру малды жедел бөліп алып сояды. Аурудың тез тарау қаупі
болғандықтан емдеуге тиым салынады.
Иммунитет. Мэлікпен ауырып жазылған жэне егілген малда иммунитет
қалыптасады. Ерте заманнан бері бүл ауруға қарсы жасанды иммунитет қа-
лыптастыру үшін эр түрлі әрекеттер жасалып келеді. Мысалы, африкалықтар
пышақтың жүзін аурудан өлген малдың өкпесіне батырғаннан кейін сау
малдың маңдай терісін тілу арқылы егу әдісін пайдаланған. Кейіннен бел-
гиялық дәрігер Виллемс (1852) бұл эдіске ғылыми негіздеме жасады, ал JI.
Пастер осы эдіспен егу үшін қолдан жүқтырылған бүзаудың тері асты шелін-
де іркілген сөлді пайдалануды үсынды. Кейіннен егу үшін қоздырушының
қоректік ортада алынған таза өсінін қолдана бастады. Өлтірілген өсіннің
иммундік қасиеті төмен, ал тірі өсін асқынған жағдайларға әкеп соғатын
болғандықтан, тірі өсінді арнайы эдіспен дененің белгілі бір жерлеріне ғана
(қүйрықтың ішкі жағындағы тері астына) егетін эдіс үсынылды. Осылай
еккенде асқыну байқалмай, үзақ уақытқа (1-2 жыл) иммунитет қалыптасады.
Қазіргі уақытта шет елдерде тауық эмбрионында өсірілген авиндёлген
вакцина қолданылады. Сонымен қатар, аттенуацияланған немесе табиғи элсі-
271
реген штамдардан даярланған вакциналар пайдаланылады. Оба мен мәлікке
қарсы ассоциацияланған вақцинаны қолдану тэжірибесі де оң нәтиже берді.