Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет202/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дерттенуі. 
Лейкоз вирусының геномы иесінің лимфоидтық торшаларын- 
да өмір бойы сақталып, өсіп-өнген торшалардың келесі ұрпақтарына жетілген 
вирион стадиясына ауыспай-ақ беріле береді. Ал бір торшадан басқа торшаға 
"cellular kissing"
(жасушалардың түйісуі) деп аталған құбылыс арқылы беріле 
алады. Вирустың геномы мен торшаның хромосомының өз арақатынасы, жал- 
пы жануар организмінің лейкозға бейімділігі генетикалық механизмдер арқы- 
лы реттеліп, іске асады. Әртүрлі экзогендік, жэне эндогедік факторлардың 
эсерінен провирус белсенді қалыпқа түсіп, иесінің организмінде патология- 
лық құбылыстар тудырады. Нэтижесінде қан түйіршіктерін түзетін ұлпалар- 
дың қалыпты көбеюі мен жетілуі бұзылады. Негізінен лейкобластық торша- 
лар зақымданып, соның эсерінен қан түзу ағзаларындағы: сүйек майы, көк 
бауыр жэне сөл түйініндегі эр түрлі лейкоциттерде жедел қарқынды пролифе- 
рация өрбиді. Тежеусіз көбейген қан торшалары бүкіл денеге жайылып, әр- 
түрлі мүшелер мен ұлпаларда іркіліп, ісік ошақтарын қалыптастырады. Қыз- 
мет атқаратын негізгі торшалардың жетілуі кері кетіп, зақымданған ағзалар- 
дың қүрылымы мен эрекеті1
бұзылады. Молекулалық, клеткалық, органдық 
деңгейдегі зиянды өзгерістер мен қан торшаларының түзілуін ретсіздендіріп, 
лимфоциттердің шектен тыс көбеюіне әкеліп соқтырады.
Өтуі мен симптомдары. 
Сиыр лейкозы негізгі екі түрге бөлінеді: энзоо- 
тиялық жэне спорадиялық. 
Энзоотиялъщ лейкоз
бүл аурудың клиникалық 
және патологиялық анатомиялық белгілері айқын білінген ітүрі, негізінен 
ересек жануарларда 5-8 жас аралығында жиі байқалады. Жасырын кезеңі та- 
биғи жағдайда 
2 - 6
жыл, қолдан жүқтырғанда 

айдан 
2
жылға дейін. 
іК л и н и -
калық белгілерінің айқындалуы 3 кезеңге (байқалғанға Дейінгі, бастапқы 
жайылған және титықтаған) бөлінеді.
Лейкоздың 
байқалганга дейінгі кезеңінде
клиникалық белгілері: болмай- 
ды. Серологиялық жэне вирусологиялық зерттеулер арқылы ғана диагноз қо- 
юға болады. Бүл кезеңде гемотологиялық өзгерістер байқала қоймайды.
Баст ащ ы кезеңінде
қан жасушаларының сандық жэне сапалық құрамын- 
да өзгерістер байқалады. Лейкоциттердің саны көбейіп, лимфоциттердің про- 
центі артады, шала түрленген, жетілмеген, үлкендігі эр түрлі, дертке шалдық- 
қан жасушалар пайда болады.
Жайылган (денені жайлаган) кезецінде
қанда гемотологияльщ өзгеріс- 
термен қатар аурудың әр түрлі клиникалық белгілері байқалады. Жануардың 
жалпы жағдайы нашарлап, тез шаршайды, жем шөпті нащар қорытып, іщі 
өтуі мен іштің қатуы алма кезек байқалады, іші ;кеуіп алдыңғы қарындарының 
атониясы мен тимпаниясы байқалады. Ауырған мал тез арықтап, жүрек қыз-
274


34-сурет. Лейкозбен ауырган сиырдыц көзінің бсідырайып, мапырогитануы.
меті бүзылады. Кілегейлі қабықтары көгеріп, сарғыш тартады. Тыныс алуы 
нашарлайды. Әукесі, төсі, кіндік тұсы домбығып, артқы бір немесе екі аяғы да 
ақсайды. Несеп бөлуі қиындап, буаз мал іш тастайды. бедеу далады. Желіні- 
нің бір немесе бірнеще бөлігі ісіңеді. Лейқозға тән белгілер: үстіңгі сөл /гүйін- 
дері (жауырын алдындағы, құлак түбіндегі, жақ астындағы, шабындағы, желін 
үстіндегі), тік ішек арқылы сипап көруге болатын ішкі сөл түйіндері шамадан 
тыс үлғаяды.
Лейкоздың соңғы 
титьщтаган кезеңінде
дерт процесі тым аскынып, 
жануардың элі эбден бітеді. Қан түзу мүшелерінің қызметі мүлдем бұзылып, 
иммунитет жүйесі жұмыс істеуден қалады да, өліммея аяқгалады.
Спорадиялъщ лейкоз
сирек кездеседі, оған 3 жасқа дейінгі жас малдар 
шалдығады. Спорадиялық лейкоз 3 түрғе бөліңеді: бүзаудың, тимустык жэне 
терідегі.
Бүзаудың лейкозымен
6 айға дейінгі жануарлар ауырады. Ауырған бұзау- 
лардың сөл түйіндерін ісік жайлап, көптеген ішкі ағзаларға метастаз береді. 
Сүйек майында азғындаған жасушалар шоғырлаңады. Ауру белгілері білін- 
геннен кейін бірнеше апта ішінде мал өледі.
Тимустъщ лейкоз
6-18 ай аралығындағы жануарларда байқалады. Ісік 
негізінен айырша без тимуста шоғырланады да, малдың эукесі қабынып 
тұрады. Ісінген үлпа көқірек қуысына да жайылады. Ісік сөл түйіндерінде де 
ошарланады, бірақ, диафрагмадан ары орналасқан ағзаларға шаба қоймайды.
Тері лейкозы -
бүл аурудың бірден-бір жазылатын түрі, негізінен і ,жас- 
тан 3 жасқа дейінгі жас малда кездеседі. Теріде ісінген үлпалардың шоғырла- 
нуынан эр түрлі бүдырмақтар пайда болады да, бірнеше аптадан кейін сола 
бастайды. Жазылып кеткеннен соң қайтадан өрбуі сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет