Тапсырма Он мың тайынша бордақылайтын кешенде «бос-бос емес» қағидасын
қалай орындауға болатынын түсіндіріңіз.
10.8. Сиырдың парагриппі Сиырдың парагрипі
(Paragrippus bovum , парагипп крупного рогатого
скота) - негізінен жас малда болатын, ыстығы көтеріліп, жоғарғы тыныс
жолдарының катарлы қабынуымен ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Алғаш рет АҚШ-та 1932 ж Скот пен Тарлей ауруды
сипаттады, қоздырушы вирусты 1958 ж Чанок пен серіктестері бөліп алды.
1959 ж Рейзенгер мен Хедделстон бұл вирустың антигендік құрамы жағынан
адамның парагипп-3 вирусымен ұқсас екенін анықтады. Ауруды апғашқыда
анықтаған зерттеушілер этиологиялық фактор ретінде пастереллаиарға ай-
рықша мэн берген болатын, кейінгі кезде бұл микроб аурудың негізгі қоз-
дырушысы емес, оның асқынып, өлім көрсеткішінің жоғарылауының себеіі-
кері екені айқындалды. Ауру бордақылайтын малды тасымапдаған кезде жиі
байқапатын болғандықтан көліктік қызба деп аталды. Кейіннен бұзаулар мен
тайыншаларды өндірістік кешендерде өсіріп, бордақьілайтын елдердің көбін-
де
бүл аурудың кең тарайтыны белгілі болды.
Қоздырушысы -
Parainfluenza 3 bovine param ixovirus парамиксо-
вирустар туыстастығы мен тұқымдастығына жататын құрамында РНҚ <
бар
вирус. Парамиксовирустар тұқымдастығының адамның параотит пен пара-
грипп-3, кемірушілердің, маймыл мен құстың парагрипп вирустары мен құс-
тың Ньюкасль ауруының қоздырушьшарымен морфологиялық жағынан айыр-
мащылығы болмағанмен антигендік құрамы бойынша өзгешелігі бар. Анти-
гендік күрамы тұрақты, басқа елдерде бөлініп алынған вирус АҚШ-тағы
эталондық прототипімен тақылеттес.
Төзімділігі. Парагриптің вирусы сыртқы ортада төзімсіз, жоғары темпе-
ратура мен ультракүлгін сәуле тез күшін жояды. 56°С-та Ісағ., 37°С-та 5сағ.
өледі. Ал төменгі температурада ұзақ сақталады. 4 мэрте қатырып жібіткенде
зардаптылығын сақгайды. Қышқыл ортада төзімсіз, pH 3,4 тез күшін жояды.
Әдеттегі дезинфектанттар зарарсыздандыру үшін толық жарамды.