рептилий) анықталып отыр. Лейкоз дүяиежүзінің барлық елдерінде кездеседі,
эсіресе АҚШ, Орталық жэне Солтүстік Европада, Таяу Шығыста кең тараған.
Сиыр лейкозы Қазақстанда 60 70 жылдары Балтық жағалауындағы елдер мен
Белоруссиядан экелінген сиырлар арқылы тарады.
Қоздырушысы
-
Bovin leucosis onkovirus
-
Retroviridae
туыстастығына
Onkarnoviridae
туыстық тармағына жатады. Құрамында РНҚ бар, кебейгенде
ДНҚ көщірмесі бар провирус түзеді. Провирус
иесінің торшасындағы хромо-
соммен бірігіп, торшаның негізгі қалпын өзгертіп, трансформацимға ұшырата-
ды. Сиыр лейкозының вирусы (CJIB) онковирустарлдың С типіне жатқызы-
лып келеді. Соңғы зерттеулер бойынша оның антигендік қүрамы және жануар
организмінде сақталу ерекшеліктері негізінде адамның Т-клеткалық лейкозы-
ның қоздырушысымен бірге онковирустардың ерекше Е типіне жатқызылу
ұсынылып отыр.
Төзімділігі.
CJIB сыртқы ортада төзімсіз. Жоғары темперетураға сезім-
тал. 56°С-та 15 минутта жойылады. Сүт пастерленгенде 74°С-та 15 сек., ашы-
ған кезде (pH 4,75) зарарсызданады. Дезинфекциялау үшін күйдіргіш натрий,
формальдегид және т.б. дезинфектанттар эдеттегі
концентрациясында пайда-
ланылады.
Індеттік ерекшеліктері.
Сиыр лейкозының вирусына сиырмен қатар
буйвол, енеке, қой және ешкі бейім. Қолдан жүқтырғанда қой сиырдан да гөрі
тез ауырады. Вирусты жаңа туған қозылардың организміне пассаж жасау
арқылы оның лейкоз қоздыру қабілетін арттыруға болады. Адамның лейкозы
мен сиыр лейкозының арасында байланыс анықталған жоқ.
Лейкозбен сиыр малының барлық тұқымының
қай жастағысы болмасын
ауырады. Әйтсе де ауру 4-8 жас аралығында жиі байкалады. Басқа тұқымда-
рынан гөрі қара-ала және қызыл тұқымды сиырлар бүл ауруға бейім келеді.
Лейкоз қоздырушысының бастауы - ауырған жануарлар. Ауруға шал-
дыққан сиыр ауру белгісі біліне бастаған мезеттен бастап вирусгы сүт пен уыз
арқылы бөліп шығарады. СЛВ табиғи жолмен жүққанда сиырлардың сүті мен
уызындағы торшаларда орын тебеді, ал сілекей,
танаудан аққан сора, несеп
пен шәуеттен вирусты бөліп алу мүмкіндігі дәлелденген жоқ. Ауру бұқаның
шэуетінде СЛВ болмайды, бірақ жыныс жолдарында қабыну процесі болса,
шэуетке вирус алып жүретін лимфоциттер өтіп кетеді.
Табиғи жағдайда СЛВ инфекциясы туғанға
дейін жэне туғаннан кейін
беріледі. Туғанға дейін вирустың гамета арқылы (генетикалық немесе хромо-
сомдық трансмиссия), an бүтін вирион эпигенетикалық немесе экстрахромо-
сомдық трансмиссия жолысмен беріледі. Туғаннан кейін вирус сүтпен немесе
жанасу арқылы беріледі. Жанасу тікелей немесе арапық себепкер арқылы
(жэндіктер, эр түрлі заттар мен аспаптар) болуы мүмкін.
Лейкоз қоздырушы-
сы кенелердің лейкоциттерінде ұзақ сақталып, осы жэндіктер арқылы сау
мапға берілуі ықтимал. Жатырдағы төлге енесінен буаздықтың соңғы 6 ай-
ында беріледі. Әйткенмен де жануарлар инфекцияға негізінен жанасу арқылы
шалдығады. Вирус лимфоцитпен бірге болатындықтан. қан жүққан аспаптар
ауру таратуда өте қауіпті. Болымсыз ғана
қанның жұғыны инфекция беру
үш ін ж еткілікті. Ж аппай қан алу, туберкулинм ен тексеру, т.б. ш араларды
273
жүргізгенде эрбір малға жеке ине пайдалану қажет. Лейкоз сау шаруашы-
лықтарға негізінен ауру тараған аймақтан өсімге әкелінген жас төл арқылы
тарайды. Аурудың шығуы үшін малдың лейкозға генотиптік (тұқымы), фено-
типтік (сүттілігі) бейімділігі айтарлықтай роль атқарады.
Індеттің таралу
деңгейіне өсіріліп отырған сиыр тұқымының ықпалы зор. Табиғат жағдайы-
ның, географиялық ортаның, жыл мезгілінің лейкоздың шығуы мен таралуы-
на әсері жоқ. Лейкоз кең тарағанда кейбір шаруашылықтарда ауруға шалдығу
көрсеткіші 10-20%, ал өлім көрсеткіші 15%-ға дейін жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: