Дауалау және күресу шаралары. Біздің елде жұғымтал плевропнев-
мония жойылғандықтан негізгі назар көрші елдерден бұл аурудың экелуіне
жол бермеуге аударылады. Күрестің нэтижесі уақБптылы дэл диагноз қоя
білуге байланысты. Ауру шыға қалғанда карантин қойылып, барлық ауырған,
күдікті, сонымен қатар, КБР беретін малдар сойылады. Етін пайдаланып,
зақымданған үлпаның телімдері мен ішкі ағзалар жойылады. Тері кептіру ар-
қылы зарарсыздандырылады. Қора жайды мүқият тазалап, 2% күйдіргіш на-
трий, 10-20% хлорлы әкпен дезинфекцияланады. Көң биотермиялық жолмен
зарарсыздандырылады.
Сау малдарды екі мэрте өсінді вакцинамен егеді. Егер ауруға шапдыққан
малдар аса құнды болмаса немесе саны шектеулі болса, оларды түгелдей
сояды. Карантин екінші рет еккендегі реакция басылған соң, егер жаңадан
ауырған мал болмаса, 3 ай өткенде алынады.
Атаулар мен ұғымдар
Сиырдың жүғымтал плевропневмониясы, мэлік, ала өкпе, Pleuropneu
monia contagiosa bovum, повальное воспаление легких. Mycoplasma mycoides
var.mycoides, эмбриондық авинденген вакцина.
Баідылау сұрақтары
1.
Ауруға қатысты өзекті мәселелер саналатын негізгі мэліметтер: ауру-
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерек-
шеліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгеріс-
тер, балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
Тапсырма
Жүғымтап плевропневмонияға қарсы жануарларды жасанды иммундеу-
дің тарихына түсіңік беріп, бүл тәжірибелердің иммунологияның ғылым
ретінде қалыптасуына тигізген эсеріне пікіріңізді баяндаңыз.
10.6. Сиыр лейкозы Сиыр лейкозы
(Leucosis bovum, лейкоз крупного рогатого скота) - қа-
терлі ісік шалу негізінде жетілмеген қан түзу жэне лимфоидты торшапардың
шамадан тыс көбейіп, эр түрлі ағзаларды жайлап алуы жэне ісікті үлпалардың
пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.