Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет205/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Ажыратып балау. 
Көптеген жіті және созылмалы өтетін аурулар 
(ту-
беркулез, паратуберкулез, лептоспироз, актиномикоз), кезінде органйзмнің 
қорғаныс реакциясы негізінде қанда лейкомоидтық реакциялар байқапады. 
Бұл реакциялар лейкозбен салыстырғанда қысқа мерзімді, жануардың күйі 
жақсарғанда қалпына келеді. Лейкоз кезінде қандағы өзгерістер түрақты бола- 
ды жэне жүйелік қүрылымға әсер етеді.
Емі. 
Лейкоз кезінде емдік шаралар жүргізілмейді. Ауру малдар сойы- 
лады.
Иммунитет. 
Лейкозға қарсы иммунитет толық зерттелген жоқ. Лейкоз- 
дың вирусына қарсы қанда антиденелер пайда болады. Олардың диагностика- 
лық маңызы болғанымен қоғаныс қабілеті дүдэмал. Лимфоидты ағзаларды за- 
қымдайтын болғандықтан лейкозды иммунодефицит ауруларының қатарына 
жатқызуға негіз бар.
Дауалау және күресу шаралары. 
Лейкоздың алдын алу үшін сау ша- 
руашылықтарға сырттан мал әкелгенде, тек осы ауру жоқ шаруашылықгардан 
алу керек жэне осы ауруға шалдыққан малдары бар жерлермен шаруашылық 
қатынастарына шектеу қойьшады. Сау шаруашылықта лейкозды уақыттылы 
анықтау үшін 2 жастан бастап ірі қараны жылына 1 рет лейкозға клиникалық, 
гематологиялық тексеру қажет, ал 6 айдан асқанда серологиялық әдіспен 
жылына 1 рет, аталық бүқаларды жылына 1 рет серологиялық әдіспен 
(ДПР)
жэне қанын гематологиялық тексеріп, лейкоцитарлық формуласын шығарады. 
Лейкоз анықталған жағдайда шаруашылыққа шектеу қойылады да, сауықтыру 
шаралары қолданылады. Сауықтырудың негізгі екі жолы бар. Біріншісі, ауру 
шыққан табынды түгелдей алмастыру. Екіншісі, жүйелі түрде лейкозға тек- 
серіп (клиникалық, серологиялық) ауруға шалдыққан малды оқшаулап, сояды.
Лейкозбен ауырған сиырдың сүтін 5 мин. қайнатып, бордақылынатын 
малға беріледі. Ауруға күдікті сиырдың сүтін 5 мин. қайнатып немесе 85°С 10 
мин. пастерлеп тағамға пайдаланады.
Лейкозбен ауырған малдың ұшасы, егер борша еттері мен ішкі сөл тү- 
йіндері ошарланып зақымданса, техникалық утилге жатқызылады. Егер 
борша еттері зақымданбаса, ет пен зақымданбаған ішкі ағзалары қайнатылып, 
залалсыздандырылады.
Ауырған немесе күдікті мал бөлініп әкетілгеннен кейін қораны 2-3% 
күйдіргіш натрий ерітіндісімен зарасыздандырады.
278
1


Шаруашылық соңғы ауырған мал сойылғаннан кейін екі жыл өткен соң 
сауықтырылды деп есептелінеді. Одан кейін екі жыл бойы барлық мал жы- 
лына бір рет гематологиялық тексеруден өткізіледі.
Атаулар мен ұғымдар
Сиыр лейкозы, Leucosis bovum, лейкоз крупного рогатого скота, сиыр 
лейкозының вирусы (CJIB), Bovine leucosis oncovirus, жасушалардың түйісуі, 
Cellular kissing. Энзоотиялық лейкоз, оның клиникалық кезеңдері: байқал- 
ғанға дейінгі (клника алды), бастапқы, жайылған жэне титықтаған. Спорадия- 
лық лейкоз, оның түрлері: бұзау лейкозы, тимустық лейкоз жэне тері лейкозы. 
Энзоотиялық лейкоздың патологоанатомиялық түрлері: лимфоидты, миело- 
идты, гемотоцитобластоз (шала түрленген), түрленбеген (дифференция- 
ланбаған). Лейкоциттердің бласттрансформация реакциясы. Цитогенетикалық 
талдау.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттіқ ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
2. СЛВ ауру малдан сау малға қагіай беріледі?
3. Сиыр лейкозын балау үшін клиникалық, потологоанатомиялық, гемо- 
тогиялық, серологиялық, цитогенетикалық эдістердің құндылығы қандай?
Тапсырма
Бүкіл ауданға ұрықтык шэует беріп тұрған орталықтың 12 асыл тұқым 
бұқасының екеуі лейкозбен ауыратындығы анықталды. Бір бұқаның пайда- 
ланылғанына екі жыл, екіншісіне үш жыл болыпты. Осы бұқалардың ұрығын 
пайдапанған щаруашылықтарда қандай шаралар ! жүргізу керек? Жоспарын 
жасап, бұл шаралардың мақсатын жэне орындалуын түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет