температурада уыттылығын тежеп, тіршілігін тоқтатады. Сыртқы ортаны
зарарсыздандыру үшін кэдімгі дезинфектанттар қолданылады.
Індеттік ерекшеліктері.
Вирустық диареямев табиғи жағдайда сиыр,
буйвол, бұғы жэне елік ауырады. Ірі қара әдетте 2 айдан 2
жасқа дейінгі ара-
лықта ауырады, жаңа туған бұзаулар мен сақа сиырлар ауруға сирек шалды-
ғады. Торайлар мен көжектерге оны қолдан жұқтыруға болады.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауруға шалдыққан жануарлар, олар
жазылғаннан кейін де 4 ай бойы вирус алып жүреді. Ересек сиырларда ара-
тұра іш тастау арқылы байқалатын жасырын инфекция болады.
Вирус дене-
ден нэжіс, несеп, сілекей, танаудан аққан сора мен көзден аққан жас арқылы
бөлініп шығады. Негізгі жұғу жолы алиментарлық, кейде аэрогендік жолмен
немесе тумай тұрып жатырда жұғады. Жұқтыру
факторы ролін вируспен лас-
танған жемшөп, күту саймандары, су, күтуші адамдардың киім-кешегі атқа-
рады.
Вирустық диарея індет ретінде тұтанып, жылдың суық мезгілдерінде бай-
қалады. Аурудың шығуына малды ауыстырып,
топтастыру, күтімінің нашар-
лығы, технологиялық процестер кезінде ветеринариялық-санитариялық ере-
желердің сақталмауы ықпал етеді. Ауруға шалдығу көрсеткіші жаңа басталған
індет ошақтарында 90%-ға, өлім көрсеткіші 30%-ға дейін жетеді. Тұрақтанған
ошақтарында ауруға шалдығу деңгейі төмендеп,
керісінше ауырған малдың
шығыны көбейеді. Вирустық диареяға әдетте жұқпалы ринотрахеит пен па-
рагрипп қабаттасып, ауруды асқындырып жібереді. Сонымен қатар,
бірқатар
бактериялар да (эшерихиялар, сальмонеллалар, пастереллалар, гемофильді
бактериялар)
бұл аурудың асқынып, зілді түрде өтуіне себепкер болады.
Достарыңызбен бөлісу: