Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет232/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі мен симптомдары
Аурудың жасырын кезеңі өте қысқа, бірнеше 
сағат қана, клиникалық байқалуы кенеттен басталады. Ең басты көзге түсетін 
белгісі - ауырған малдың қозғалыс координациясы бұзылып, денесі қүрысып, 
аяғын басып түра алмай қүлап қалады. Құлағаннан кейін аяқтарын бос сер- 
меп, бүлшық еттері қүрысып, жыбырлап жатады. Осындай айрықша белгілері, 
аурудың "жыбырлақ" атауына себеп болған. Бүндай қүрыстанумен қатар 
ауырган малдың мэңгіріп, есеңгіреп қалуы мүмкін. Энтеротоксемия аса жіті, 
жіті жэне жітіден төмен өтеді.
Acа жіті
өткенде ауырған мал оттамай, сыртқы әсерге ешқандай қатысы 
болмай, іші кеуіп, аяқ астынан тәлтіректеп қүлайды, дірілдеп, қалшылдап, 
тісін қышырлатып, ентігіп, ауызынан көбік, мүрынынан сора ағып, іші өтеді. 
Көп ұзамай өліп қалады. Кейде отардағы қойдың 40 
%
қырылады.
Ж іті өтуі.
Алдында ғана сау қойдың кенеттен дене қызуы 41°С-тан жо- 
ғары көтеріледі, ал түйенің температурасы әдетте көтерілмейді. Малдың іші 
өтеді, нэжісі сұйылып, иісі жағымсыз, қан немесе жалқақ аралас болады. Кей- 
де несептің түсі қоңыр қошқыл болады. Ауырган мал жүргенде сенделектеп, 
маңайын дүрыс болжай алмай бөгеттерге соғыла береді. Кейде денесі құрыс- 
танып, есеңгірейді. Ауырған мал тез жүдейді. Көзге көрінетін кілегейлі қа- 
бықтары бозарып, анемияға үшырайды. 1-2 ісүн өткенде өліп кетеді.
37-сурет. Энтеротоксемиямен ауырган цой.
303


Кейбір жануарлар ұзақ уақыт есеңгіреп, бір орынында тұрады. Ауызына 
алған шөбін шайнамай, не жұтпай мелшиіп қалады. Терісінің сезімталдығы 
төмендейді. Кейінірек тіпті бей-жәй күйге түседі, айналасында не болып 
жатқанын сезбейді. Осылай сілейген қашіы бірер күн тұрып, өледі.
Жітіден төмен
өтуі эдетте індеттенудің беті қайтқан соңғы кезінде ере- 
сек қойларда немесе күйі нашар малдарда індеттің кез келген сатысында бай- 
қалады. Энтеротоксемияның жітіден төмен өтуі түйеде жиірек ұшырасады. 
Ауру бұлай өткенде көбінесе малдың іші өтіп, жемшөпке онша қарамайды.
Кілегейлі қабықтары басында анемиядан бозғылт тартып, кейіннен, эсі- 
ресе, конъюнктивасы сарғайып кетеді. Денесінің эр жерінде жүні түсе бас- 
тайды. Буаз мал іш тастайды. Кейбір жануардың жүйке қызметі бұзылып, бір- 
де қозынып, бірде жабырқау тартады. Осындай белгілер басталған соң ауыр- 
ған мал 4-5 күн ішінде өледі.
Кейбір жануарларда ауру 15-20 күнге созылып, өлмей қалады. Жазылған 
малдың қоңы бәрібір оңалмайды, сондықтан, оларды шаруашылықта қал- 
дыру тиімсіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет