Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет233/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. 
Өлексе өте тез бұзылады. 
Ауызы мен танауынан қан аралас көбік шығады. Терісінде көгерген дақтар 
болады. Тері асты шелі мен бүлшық еттердің аралары қанталап тұрады. Сөл 
түйіндері үлкейген, суланып қан кернейді.
Қүрсақ қуысында сарғылт сұйық іркіледі. Мес қарын, тақия қарын жэне 
жалбыршақ қарын жынға толып, үлтабар эдетте бос, ал оның кілегейлі қабы- 
ғы қабынған. Аш ішектің өн бойы қызарып, көгерген жэне жолақтанып қан- 
талаған. Жалпы алғанда ойылған энтеритке тэн өзгерістер кездеседі, әсіресе, 
мықын ішек пен тік ішекте бүл қүбылыстар басым болады. Бауыр сарғыш 
түсті, ұсақ-ұсақ қанталаулар кездеседі. Өт қабы үлғайған.
Жүқпалы энтеротоксемияға тэн патологиялық өзгерістер бүйректе байқа- 
лады. Бүйректің екеуі де, кейде біреуі ғана болбырап босап, консистенциясы 
қоймалжың быламыққа ұқсас болады. Сондықтан, ауруды "болбыр бүйрек" 
деп атайды. Бүйректегі мұндай өзгеріс жас қозыларда жиі байқалады.
Өкпе қанға кернеліп, домбығады, сыртынан көгерген қызыл түсті, тіліп 
қарағанда түсі қызыл болады. Аңқаның, кеңірдектің, бронхалардың кілегейлі 
қабықтары қанға кернеліп, көбікке толып түрады. Перикардта ақшыл сары 
экссудат жиналады, ауаның әсерінен экссудат тез ұйиды. Эпикард пен мио- 
кард қанталаған. Көкбауыр әдетте өзгермейді.
Балау. 
Энтеротоксемияға диагноз қою үшін індеттанулық деректерді, 
клиникалық белгілерін жэне патологиялық-анатомиялық өзгерістерін ескеріп, 
зертханалық зерттеу жүргізеді. Зертханаға ішкі ағзалардың кесінділерін, бір 
сүйем сау ішекті ішіндегісімен, жіліктің сүйегін, қүрсақ қуысындағы экссу- 
датты жібереді. Зертханада бактериологиялық зерттеу жэне ішектің ішіндегі 
сүйықты бейтараптау реакциясының көмегімен токсинге тексереді. Клостри- 
диялардың Д-типі қоздырған энтеротоксемия кезінде ішектен үнемі токсин 
табылады, ал бүл микробтың С-типінен болған ауруда токсин табыла бер- 
мейді. Ондай жағдайда бактериологиялық зертетеудің нэтижесіне сүйенеді.
304


Клостридиялардың_Д-типі тудырған ауру кезінде қойдын несебінде қант кез- 
деседі.
Ішектен токсинді анықтау үшін оның ішіндегі жынды екі есе артық фи- 
зиологиялық ерітіндімен езіп, 30 мин. шайқап, Зейтц сүзгісімен сүзіп, алынған 
сүзіндіні үй қоянына 1 мл көк тамырына жібереді. Сүзіндіде токсин болса 
тәжірибедегі жануар 3-5 мин ішінде жүйке жүйесінің зақымдану белгілерімен 
өледі. Токсин табылған жағдайда токсинге қарсы оның әр типіне тэн сары- 
сумен бейтараптау реакциясы жүргізіледі.
Патматериалдан Китт-Тароцци ортасына түсірілген себіндіні термостатта 
үстап, 4-5 сағ. өткен сайын қайталап сеуіп, тез өсетін анаэробтардың таза 
өсіндісін алады. Алынған өсінді микроскопия арқылы жэне иммунофлуо- 
ресценция эдісімен тексереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет