Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет234/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Ажыратып балау. 
Жыбырлақты топалаңнан, секіртпеден, пастерел- 
лезден, пироплазмоздан, қарасаннан ажырату керек. Ол үшін бұл аурулардың 
клиникалық жэне патологиялық-анатомиялық ерекшеліктері ескеріледі. Қо- 
рытынды түжырым бактериологиялық зерттеудің нэтижесіне сүйеніп жаса- 
лады.
Емі. 
Қойда ауру әдетте өте жіті өтетіндіктен ем қолданылып үлгірмейді. 
Ауру бірен-саран байқалғанда қозының дизентериясы мен қойдың энтероток- 
семиясына қарсы қосвалентті гипериммунды қан сарысуын пайдалануға бола- 
ды. Онымен қоса биомицин, террамицин жэне синтомицин антибиотиктерін 
қолдануға болады. Түйенің энтеротоксемиясын емдеу туралы деректер жоқ.
Иммунитет. 
Ауырып жазылған қойда иммунитет қалыптасады. Белсенді 
иммундеу үшін қойдың брадзот, энтеротоксемия жэне қатерлі домбығуына
қозының анаэробты дизентериясына қарсы поливалентті вакцина қолданы- 
лады. Енжар иммундеу жэне емдеу үшін қос валентті қан сарысуы даяр- 
ланады. Түйені энтеротоксемияға қарсы формоквасцалы вакцинамен егеді.
Дауалау және күресу шаралары. 
Ауру түрақты байқалатын аймақта 
сақтық шарасы ретінде қойларға вакцина егеді. Малды еккен кезде қырқуға, 
пішуге, құйрығын кесуге болмайды. Өйткені бұл кезде жануарлар жарақаттан 
болатын инфекцияларға аса сезімтал келеді. Аталған операцияларды мал 
егілгеннен кейін екі ай өткен соң жүргізуге болады. Вакцинаны бүлшық етке 
санының ішкі жағындағы тақыр жерге егеді. Иммунитет қайталап еккен соң 
10-12 күн өткенде басталып, 4-6 айға созылады. Егілген кейбір қойдың 
температурасы көтеріліп, аяғы ақсайды. Бірақ, жалпы күйі қалыпты жағдайда 
болады да, 3-4 күнде бұл құбылыстар басылып қалады. Егер вакцинаны бүл- 
шық етке емес тері астына жіберсе, орыны ісініп кетеді. Егілген малдың 
күтімін қадағалап, зоогигиеналық талаптарды мүқият орындау қажет. Қойдың 
жыбырлаққа шалдығуына кейбір жағдайда жайылым себеп болады. Қаулап 
өскен жас шөпті мал бірден көп жесе, ас қорыту жүйесі бүзылып, ішектегі 
микробтардың өсіп-өнуіне жағдай жасайды. Сондай-ақ, малды лай тоқтау 
сулармен, ластанған суаттардан суаруға жол бермеу керек. Егер қойлар жет- 
кілікті мөлшерде микроэлементтермен қамтамасыз етілмесе олардын жалпы 
улы заттардың, оның ішінде улы өсімдіктердің әсеріне, сондай-ақ, токсоин-
305


фекциларға төзімділігі күрт төмендейді. Мүндай жағдайда энтеротоксемияға 
шапдығу қаупі жоғары болады.
Энтеротоксемия байқалған кезде жедел жайылымды ауыстырады немесе 
малды қолда бағады. Бүрын егілмеген қойларға қосвалентті қан сарысуын 
жібереді, соңынан вакцинапайды.
Жыбырлақ шыққан шаруашылықты бұл аурудан сау емес деп жариялап, 
шектеу қояды да, қойды шеттен экелуге немесе экетуге тиым салынады. Ол 
жер арқылы егілмеген қой отарын айдап өтуге, жемшөпті тасымалдауға тиым 
салынады. Өлген қойдың терісін апмай, өртеп жібереді. Өлексе жатқан жерді 
дезинфекциялайды. Ауру малдың көңін, жемшөптің қапдығын жағып жібе- 
реді. Ауырған малды союға болмайды. Шектеу жыбырлақтан соңғы қой өлген 
соң 20 күннен кейін апынады.
Атаулар мен ұғымдар
Энтеротоксемия, жыбырлақ, қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы, entero- 
toxemia infectiosa ovium, инфекционная энтеротоксемия овец. Clostridium 
perfringlns, Bacilus ovitoxicus, Bacilus paludis. Қойдың энтеротоксемиясы
бродзот жэне қатерлі домбығуына, қозының анаэробты дизентериясына қарсы 
поливалентті вакцина. Қойдың энтеротоксемиясы мен қозының дизентерия- 
сына қарсы қосвалентті гипериммунді қан сарсуы.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер санапатын негізгі мэліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
бапау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
Тапсырма
Қойдың бродзоты мен энтеротоксемиясының індеттік, клиникалық, па- 
тологоанатомиялық ерекшеліктеріне салыстырмалы сипаттама беріп, бұл ау- 
руларды бір-бірінен қапай ажырататынын түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет